Ақтөбе қаласының тұрғыны саяжайда есірткі зертханасын ашқан.
20 мамыр күні ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жылдам қимылдайтын жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, жедел ақпаратты тексеру кезінде саяжай алаптарының бірінде бірқатар қарасора өсімдіктерін өсіру және одан әрі өңдеу бойынша жабдықталған есірткі зертханасын тапты.
48 жастағы саяжай иесі қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсіргенін айтқан. Зертхана соңғы техникалық құралдармен жабдықталған. Күдіктінің айтуы бойынша, тұқым мен техниканы интернет дүкендерден алған.
ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Тәркіленген зат салмағы 400 граммнан асады. Сараптама тағайындалды. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ақтөбе облысы ПД есірткі заттарын пайдалану Сіздің денсаулығыңызға зиян екенін ескертеді. Есірткі заттарын тасымалдау мен сақтауға қылмыстық жауапкершілік көзделген. Егер Сіз осындай жағдайлар туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 телефоны хабарлассаңыз болады.
Житель Актобе на даче организовал нарколабораторию.
20 мая т.г. сотрудниками Управления противодействия наркопреступности ДП Актюбинской области совместно с бойцами спецподразделения при проверке оперативной информации в одном из дачных коллективов в ходе обыска дачи и прилегающей территории обнаружена оборудованная нарколаборатория по выращиванию растений ряда конопли и дальнейшей ее обработки.
48-летний владелец дачи пояснил, что выращивает и культивирует коноплю для собственного употребления. Нарколаборатория была оборудована по последнему слову техники. По словам задержанного семена и оборудование приобрел в интернет магазине.
По данному факту проводится досудебное расследование по ст.297 ч.3 УК РК «Незаконные изготовление, переработка, приобретение, хранение, перевозка в целях сбыта, пересылка либо сбыт наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов». Задержанному грозит лишение свободы сроком от пяти до десяти лет с конфискацией имущества.
По всем изъятым веществам назначены экспертизы, вес изъятых веществ оставил более 400 грамм. Подозреваемый в порядке ст.128 УПК РК водворен в ИВС.
Департамент полиции Актюбинской области напоминает, что употребление наркотических веществ пагубно влияет на Ваше здоровье, за распространение и хранение наркотических средств предусмотрена уголовная ответственность. Если же Вы владеете какой-либо информацией о подобных фактах, то незамедлительно обращайтесь в полицию по телефону «102».