«Хромтау-Аққұдық» тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан екі адам көз жұмды.
27 мамыр күні сағат 00:30-да Хромтау ауданы ПБ кезекші бөліміне Хромтау ауданынан 75 шақырым жерде жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түседі.
Алдын ала болжам бойынша, «Nissan Teana» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Аққұдық ауылы маңында қарсы жолаққа шығып кетіп, Хромтау ауданының 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Ваз-2115" автокөлігімен соқтығысқан.
ЖКО салдарынан «ВАЗ - 2115» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Одан бөлек, «Nissan Teana» автокөлігінің жүргізушісі мен «ВАЗ - 2115»автокөлігінің үш жолаушысы Хромтау қаласындағы ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол апаттарының ең көп таралған себептерінің бірі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау екенін еске салады. Жүргізушілерге жолда өте мұқият және абай болу қажет.
Вблизи Хромтауского района на автодороге «Хромтау-Аккудук» произошло ДТП, в котором двое человек погибли.
27 мая т.г. в 00:30 в дежурную часть ОП Хромтауского района поступило телефонное сообщение о том, на 75 км. от г.Хромтау произошло дорожно-транспортное происшествие.
Предварительно установлено, что 24 –летний водитель автомашины «Nissan Teana», на 19 км. автодороги «Хромтау-Коктау» вблизи села Аккудук, нарушив правила –дорожного движения выехал на полосу предназначенного для встречного движения и допустил столкновение с автомашиной «Ваз -2115» под управлением 44 –летнего жителя Хромтауского района.
В результате ДТП от полученных травм на месте происшествия скончались водитель и пассажир автомашины марки «ВАЗ - 2115».
Кроме того, с различными травмами в ЦРБ г. Хромтау доставлены водитель автомашины «Nissan Teana» и трое пассажиров автомашины «ВАЗ - 2115».
По данному факту начато досудебное расследование по части четвертой статьи 345 УК РК «Нарушение правил дорожного движения или эксплуатации транспортных средств лицами, управляющими транспортными средствами». Назначена экспертиза.
Департамент полиции Актюбинской области напоминает, что одна из самых распространённых причин дорожных аварий – несоблюдение ПДД. Рекомендуется водителям быть предельно внимательными и осторожными автодороге.