Бұрынғы әкімшілік заңнамада мас күйінде көлік жүргізгендер 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылса, 2020 жылы күшіне енген жаңа заңнама бойынша осындай құқық бұзушылық жасаған жүргізушілер 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, міндетті түрде 15 тәулікке қамауға алынады. Егер мас жүргізуші жол-көлік оқиғасы салдарынан материалдық шығын келтірсе, қосымша тағы да 5 тәулікке (барлығы 20 тәулік) қамалады. Ал, жүргізуші құқығынан айырыла тұра, рульге отырған адам 5 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылады. Адам өліміне әкеп соққан ЖКО жасаған мас жүргізуші 7 жылға дейін, егер құрбандар көп болса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталады.
Заңнамадағы қатаң шараларға қарамастан, осындай заң бұзушылықтар жасау деректері әлі де жалғасып отыр.
Мысалы, патрульдік полиция қызметкерлері 5 маусым күні сағат 21.30-да Қ.Оспанов көшесі бойында "ВАЗ-21214" автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында осы автокөліктің 45 жастағы жүргізушісінің бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғанын және автокөлікті мас күйінде басқарғанын анықтаған.
Сол күні полиция қызметкерлері Ә.Молдағұлова даңғылында 36 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "ВАЗ-21110" автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында оның бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын және көлік құралын мас күйінде басқарғанын анықтаған.
Екі факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі "КҚ басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ басқаруы" бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушілер Ақтөбе қ.ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция департаменті мас күйінде көлік жүргізу қылмыс екендігін және осы қылмысты жасау - өзіңізді және жол қозғалысының басқа қатысушыларын қауіп-қатерге душар ететінін естеріңізге салады.
За управление транспортным средством в состоянии алкогольного опьянения раньше лишали прав на 3 года. По-новому законодательству которая вступила в силу в 2020 году - на 7 лет с обязательным арестом на 15 суток. На пять суток больше отсидит в СИЗО нетрезвый водитель, если нанесет материальный ущерб. Если водителя лишили прав и при этом он все же сел за руль - его могут лишить свободы на 5 лет и пожизненно водительских прав. Пьяного водителя, совершившего ДТП, которое повлекло смерть человека, теперь могут осудить до 7 лет лишения свободы, а если жертв было больше - до 10 лет.
К примеру, сотрудниками патрульной полиции 5 июня примерно в 21.30 часов по ул.К.Оспанова, остановлена автомашина «ВАЗ-21214» под управлением 45-летнего водителя, который управлял транспортным средством в состоянии алкогольного опьянения, будучи ранее лишенным права управления транспортным средством.
В том же день полицейскими по пр. А.Молдагуловой, остановлена автомашина «ВАЗ-21110» под управлением 36-летнего водителя. Водитель, будучи ранее лишенным права управления транспортным средством, управлял транспортным средством в состоянии алкогольного опьянения.
По обоим фактам проводятся следственные действия ст. 346 ч.1 УК РК «Управление ТС лицом, лишенным права управления ТС, и находящимся в состоянии алкогольного опьянения». Автомашины водворены на спец. стоянку. Водители водворен в ИВС УП г.Актобе.
Департамент полиции напоминает, что сев за руль в алкогольном опьянении вы становитесь преступником и подвергаете себя и других участников дорожного движения опасности.