В целях недопущения ДТП с участием детей актюбинскими полицейскими на постоянной основе проводится профилактическая работа

Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ақтөбелік полицейлер тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Полицияның алдын алу шараларына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері орын алуда.

Мысалы, 18 тамыз күні түнде кәмелетке толмаған жасөспірім мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз "LT-200" мотоциклімен Хромтау ауданының Тасөткел кенті бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, оң жаққа аударылып кеткен. Анықталғандай, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі де жоқ.

ЖКО салдарынан ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құрметті ата-аналар, кәмелетке толмаған балаға көлік, мотоцикл жүргізуге рұқсат бере отырып, сіз баланың өзіне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға үлкен қауіп төндіресіз. Есіңізде болсын, сіздің балаңыздың қауіпсіздігі ең алдымен сізге байланысты.

В целях недопущения ДТП с участием детей актюбинскими полицейскими на постоянной основе проводится профилактическая работа. Несмотря на принимаемые полиции меры профилактики факты нарушения ПДД продолжают иметь место.

К примеру, 18 августа ночью несовершеннолетний двигаясь на мотоцикле «LT-200» без государственного номера по степной дороге, в направлении п.Тасоткел Хромтауского района, не имеющий права управления транспортным средством без соответствующей категории, не справившись с рулевым управлением допустил опрокидывание в правую сторону.

В результате опрокидывания он от полученных травм скончался на месте происшествия.

По данному факту начато досудебное расследование по ст. 345 ч.3 УК РК «Нарушение Правил дорожного движения или эксплуатации транспортных средств лицами, управляющими транспортными средствами».

Уважаемые родители, разрешая несовершеннолетнему ребенку сесть за руль автомобиля, мотоцикла, вы подвергаете большой опасности не только самого ребенка, но и окружающих.  Помните, что безопасность вашего ребенка зависит в первую очередь от вас!

 

 

 

Просмотров: 168
Категория: 
�����