Полицейлер бейтаныс ауылдан жоғалып кеткен баланы тапты
Ағымдағы жылдың 16 қазанында сағат 20.30 шамасында Қарғалы ауданы ПБ кезекші бөліміне Шалқар қаласының тұрғыны өтінішпен жүгінді. Әйел Бадамша ауылына қонаққа келгенін, онда аулада ойнап жүрген 2017 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жоғалып кеткенін айтты.
Баланы іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу барысында полиция қызметкерлері үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген баланы тауып, анасына тапсырды.
Азаматша полиция қызметкерлеріне ұлын жедел тапқаны үшін алғысын білдірді.
Источник.https://t.me/POLICE_of_KZ/4564