KGIR 2022: Ералы Тугжанов подписал соглашения на 735 млн долларов США

KGIR 2022: Ералы Тоғжанов 735 миллион долларлық келісімдерге қол қойды
Астанада қаласында жаһандық инвестицияға арналған дөңгелек үстел өтті. 
Іс-шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес, инвесторлар, беделді сарапшылар, салалық министрліктер, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық кәсіпорындардың 500-ден астам өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов бастаған Ақтөбе облысы делегациясының құрамында мемлекеттік органдар мен жетекші өндірістік кәсіпорындардың басшылары болды.
«Ақтөбе облысы – ел үшін экономикалық және стратегиялық маңызы зор Қазақстандағы ең ірі өңір. Аймақ  хром, титан, никель қоры бойынша дүние жүзінде көшбасшы. Оның аумағында көмірсутегінің болжамды қорының  30%-ы шоғырланған, өнеркәсіптік мұнай қоры республика бойынша үшінші орында. Біз таза, инновациялық және әртараптандырылған экономикалық модель ұстанып келеміз. Біздің міндетіміз – инвесторларды тарту және жан-жақты кешенді қолдау», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Дөңгелек үстел мен пленарлық отырыстар аясында әлемдік экономиканың дамуы, инвестициялық тартымдылық және Қазақстанның жаһандық және аймақтық инвесторлар үшін мүмкіндіктері, жаңа экономикалық жағдайдағы азық-түлік қауіпсіздігі және логистика мәселелері талқыланды.
Ақтөбелік бизнес-қоғамдастықтың өкілдері серіктестерді іздеу, өткізу нарығын кеңейту үшін диалог алаңын тиімді пайдаланды. Шетелдік серіктестермен В2В форматында бірқатар кездесу өткізіп, әлеуетті жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Шетелдік қатысушыларды бірнеше компаниялардың қызметі ерекше қызықтырды. Олардың қатарында «Gas Processing Company» ЖШС бар. Кәсіпорын 2018 жылдың желтоқсан айында «Қожасай» кен орнында қуаттылығы жылына 300 000 000 м3 ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бойынша заманауи зауыттың құрылысын аяқтады. EASY компаниялар тобы 2009 жылдан бастап мұнай мен суға арналған өнеркәсіптік химиялық заттарды өндірумен айналысады. Компанияға қарасты зауыт әртүрлі химиялық реагенттерді өндіруге қажетті барлық заманауи жабдықтармен жабдықталған және жылына 9 мың тоннаға дейін өнім шығарады.

KGIR 2022: Ералы Тугжанов подписал соглашения на 735 млн долларов США
Круглый стол по глобальным инвестициям прошел в г. Астана.
В мероприятии приняли участие более 500 представителей ведущих международных компаний и отечественного бизнеса, инвесторы, авторитетные эксперты, главы отраслевых министерств, руководители квазигосударственных компаний.
В состав делегации Актюбинской области под руководством главы региона Ералы Тугжанова вошли руководители государственных органов и ведущих промышленных предприятий. 
«Актюбинская область – крупнейшая область в Казахстане, имеющая огромное экономическое и стратегическое значение для страны. Регион является мировым лидером по запасам хрома, титана, никеля, на его территории сосредоточены 30% прогнозных запасов углеводородного сырья, промышленные запасы нефти на третьем месте в республике. Мы уверенно держим курс на чистую, инновационную и диверсифицированную модель экономики. Наша задача – привлечение и комплексная поддержка инвесторов», - отметил Ералы Тугжанов.
В рамках круглого стола и пленарных сессий были обсуждены вопросы развития мировой экономики, инвестиционной привлекательности и возможностей Казахстана для глобальных и региональных инвесторов, вопросы продовольственной безопасности и логистики в условиях новой экономической реальности.
Представители актюбинского бизнес-сообщества использовали эффективную диалоговую площадку для поиска партнеров, расширения рынка сбыта, провели ряд B2B-встреч с иностранными партнерами, обсудив с ними вопросы реализации потенциальных проектов.
Особый интерес у зарубежных участников вызвала деятельность нескольких компаний. В их числе ТОО «Gas Processing Company». В декабре 2018 года предприятие завершило реализацию проекта строительства современного завода по утилизации попутного нефтяного газа на месторождении «Кожасай» мощностью 300 000 000 м3/год. Группа компании EASY с 2009 года занимается производством промышленной химии для нефти и воды. Завод компании оснащен всем необходимым современным оборудованием для изготовления различных химических реагентов и производит до 9 000 тонн продукции в год.

«Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны мұнай-газ саласына қажетті өнім шығаруда әлеуеті зор. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 50 мың тоннаны құрайды.
Іс-шара қорытындысында металлургия, құрылыс, денсаулық сақтау, экология және логистика салалары бойынша 735 миллион АҚШ долларын құрайтын 5 меморандумға қол қойылды.
KGIR 2022 барысында қол жеткізілген келісімдердің қатарында мультимодальды көлік-логистикалық хаб салу жобасы бар.
Хаб аймақтық көлік-логистикалық жүйенің негізгі элементіне айналады деп күтілуде. Ол барлық қатысушылардың келісілген өзара іс-қимылын, 
сондай-ақ көліктік, инвентарлық, сервистік, ақпараттық және қаржылық ағындарды біріктіруді қамтамасыз етеді.
Жобаның өзектілігі - облыстың көлік-логистика тұрғысынан қолайлы орналасуы, экономикалық әлеуетінің қарқынды дамуы, қалыптасып келе жатқан Ақтөбе агломерациясы және миллион тұрғыны бар қала болу жоспарына байланысты екенін айта кету керек.

Совместное казахстанско-китайское предприятие ТОО «Казахстанский завод нефтяного оборудования» производит продукцию для нефтегазодобывающего сектора. Мощность предприятия составляет – 50 тысяч тонн в год.
Логическим завершением мероприятия стало подписание 5 меморандумов на сумму 735 млн долларов США в таких отраслях, как металлургия, строительство, здравоохранение, экология и логистика.
В числе намерений, достигнутых в ходе KGIR 2022, проект по строительству мультимодального транспортно-логистического хаба.
Прогнозируется, что хаб станет основным системообразующим элементом региональной транспортно-логистической системы. Он обеспечит скоординированное взаимодействие всех участников, а также интеграцию транспортных, товароматериальных, сервисных, информационных и финансовых потоков.
Проект особо актуален с учётом выгодного расположения региона в транспортно-логистическом плане, растущим экономическим потенциалом, формирующейся Актюбинской агломерации и планами по становлению Актобе городом-миллионником.

Источник.https://www.instagram.com/p/Cj562B2LAzp/?hl=ru

 

Просмотров: 389
Категория: 
�����