Аккумулятор ұрлығы ашылды
Ағымдағы жылдың 17 қазанында патрульдік полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығынан Сәнкібай батыр даңғылында белгісіз адам арнайы техникадан аккумуляторлар ұрламақ болғаны туралы ақпарат алды.
Полиция жасағы жедел түрде оқиға орнына барып, онда такси жүргізушісі белгісіз адам оны такси ретінде шақырғанын және осы маңда жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан арнайы техникадан аккумуляторлар ұрламақ болғанын хабарлаған. Күдіктенген такси жүргізушісі бұл адамды алып кетуден бас тартқан, сол кезде ер адам қашып кеткен.
Іздеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 30 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді.
Осы факті бойынша ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Кража аккумуляторов
17 октября т.г. сотрудниками патрульной полиции с Центра оперативного управления была получена информация о том, что по проспекту Санкибай батыра неизвестное лицо пытается совершить кражу аккумуляторов со спец. техники.
Наряд полиции оперативно направился на место вызова, где водитель такси сообщил, что неизвестный мужчина вызвал его в качестве такси и пытался совершить кражу аккумуляторов со спец. техники, которые осуществляют в этом районе дорожные работы. Заподозрив неладное водитель такси, отказался везти мужчину, который после этого скрылся.
В ходе поисковых мероприятий задержан подозреваемый, им оказался 30-летний мужчина, который был доставлен в отдел полиции.
По данному факту начато досудебное расследование по ст.188 УК «Кража».