Ақтөбе облысының полицейлері күзгі каникул кезінде "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Жедел-профилактикалық іс-шара облыс аумағында ағымдағы жылдың 2-6 қарашасы аралығында өткізіледі.
Іс-шараның бірінші күнінде полиция бөлімдеріне 49 кәмелетке толмаған жеткізілді, олардың 44-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болған.
Кәмелетке толмағандарды ата-анасының еріп жүруінсіз сағат 22.00-ден кейін көңіл көтеру орындарына кіргізгені үшін 4 жеке кәсіпкер, сондай-ақ ойын-сауық орындарында болғаны үшін 4 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылықтың 2 фактісі анықталды, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Ювеналдық полиция инспекторлары 12 жасөспірім мен 8 қолайсыз отбасын есепке алды.
Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде Полиция департаменті облыстың кәсіпкерлік басқармасымен, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасымен және прокуратурамен бірлесіп, ойын-сауық мекемелерінің әкімшілігімен мекемелердегі қылмыстардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полицейскими Актюбинской области во время осенних каникул проводится ОПМ «Подросток». Оперативно-профилактическое мероприятие проводится на территории области с 2 по 6 ноября т.г.
За первый день в отделы полиции доставлено 49 несовершеннолетних, 44 из них находились без сопровождения законных представителей вне жилища с 23.00 до 06.00часов.
К административной ответственности привлечено 4 индивидуальных предпринимателей за допущение несовершеннолетних в увеселительные заведения после 22.00 часов без сопровождения родителей, а также 4 законных представителя привлечены за нахождение несовершеннолетних в увеселительных заведениях без сопровождения родителей.
Кроме того, выявлено 2 факта мелкого хулиганства совершенных несовершеннолетними в отношении которых составлены административные протокола по ст. 434 КоАП РК.
Инспекторами ювенальной полиции поставлено на учёт 12 подростков и 8 неблагополучных семей.
Вместе с тем, в рамках ОПМ Департаментом полиции совместно с Управлением предпринимательства области, Палатой предпринимательства «Атамекен» и прокуратурой проводится разъяснительная работа с администрацией увеселительных заведении по профилактике преступлений в заведениях.