Ағымдағы жылдың 5-11 желтоқсаны аралығында облыс аумағында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар көлігіндегі апаттың алдын алу. ЖПІШ барысында автобустардың жолаушылар мен жүктерді тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының болуына, автобустардың техникалық жай-күйіне және олардың конструкциясының белгіленген талаптарға сәйкестігіне, автобус жүргізушілерінің рейстік медициналық және техникалық тексерулерден өтуіне және т. б. ерекше назар аударылады.
Іс-шараның бірінші күнінің нәтижелері бойынша облыстық ПД жеке құрамы жолаушылар автокөлігімен жіберілген 100 бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 23 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 16 және телефон немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін 23 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, мас күйінде автобусты басқарудың бір фактісі анықталды.
В период с 5 по 11 декабря на территории области проводится Республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Автобус».
Цель данного мероприятия – обеспечение безопасности дорожного движения и предупреждение аварийности на пассажирском транспорте. Особое внимание уделяется наличию разрешительных документов на осуществление регулярных и нерегулярных перевозок пассажиров и грузов, техническое состояние автобусов и соответствию их конструкции установленным требованиям, прохождение водителями автобусов пред рейсового медицинского и технического осмотров и т.д.
По результатам первого дня ОПМ личным составом ДП области пресечено 100 нарушений, допущенных пассажирским автотранспортом, из них за нарушение правил превозки пассажиров привлечено 23 водителя, за нарушений правил маневрирования привлечено 16 и за пользование при управлениях ТС телефоном или радиостанцией – 23 водителя.
Также выявлен один факт управления автобусом в нетрезвом состоянии.