Сіз көлікті ұтып алдыңыз!
Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтардан қырағы болуды сұрайды және алаяқтардың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдармен күмәнді мәмілелер жасамауды ұсынады. Алданып қалманыз!
Егер Сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.
Мысалы, Құрашасай ауылының 34 жастағы тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін "health time" компаниясының қызметкері ретінде таныстырған. Ол әйелге оның көлік ұтып алғаны туралы хабарлап, ұтысты растау үшін сақтандыруды аудару керек екенін айтқан. Қуанған әйел аталған деректемелер бойынша 100 мың теңгені аударған. Бірақ ақша аударғаннан кейін ол ұтқан көлігін алмаған, сонымен қатар ақшасынан айырылған.
Осы факті бойынша полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шараларды жүргізуде.
Вы выиграли автомобиль!
Департамент полиции Актюбинской области просит граждан быть бдительными и рекомендует, чтобы не стать жертвой мошенников не совершать сомнительные сделки с малознакомыми людьми. Не дайте себя обмануть.
Но если Вы все же стали жертвой мошенников, то незамедлительно обращайтесь в полицию по телефону 102
К примеру, 34 –летней жительнице п.Курашасай позвонил неизвестный и представился сотрудником компании «health time». Он сообщил женщине о том, что она выиграла автомобиль, отметив что для подтверждения выигрыша ей всего лишь нужно перевести страховку. На радостях доверчивая женщина перевела по указанным звонившим реквизитам 100 тысяч тенге. Но после перевода денег она не получила свой заветный автомобиль, а в добавок лишилась еще и своих денег.
По данному факту сотрудники полиции проводят оперативные мероприятия, направленные на установление и задержание подозреваемого лица.