МВД развивает цифровизацию полицейской деятельности

ІІМ полиция қызметін цифрландыруды дамытуда

Күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану — Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік береді. 

Қазірдің өзінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 60% автоматты режимде анықталады. Ал Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бұл көрсеткіш одан да жоғары – 86%. Ол үшін ел бойынша 18 мыңнан астам стационарлық камера қолданылады.

Қала сыртындағы жолдарды бақылауды патрульдік автокөліктерде орнатылған автоматты бағдарламалық кешендер жүргізеді. Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстан бойынша осындай 60 жылжымалы құрылғы жұмыс істейді.

Жол жүрісі қағидаларын “қасақана бұзушыларды” және “қауіпті жүргізушілерді” анықтау үшін ІІМ өткен жылы “Қорғау” бағдарламасын іске қосты. Оның көмегімен жалған нөмірлі, сақтандыруы жоқ, іздеуде жүрген автокөліктерді, сондай-ақ жүргізу құқығынан айырылған, жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын және айыппұл төлемейтін жүргізушілерді анықтауға болады.

Құқық бұзушы туралы барлық ақпарат камералардан Жедел басқару орталығының операторына және жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерінің планшетіне жіберіледі. Яғни, бұрынғыдай барлық көліктерді қатарынан тоқтатудың қажеті жоқ, өйткені жүйенің өзі полицияға жүргізушілердің қайсысы жолда “қауіпті” екенін көрсетеді.

Цифрлық технологиялардың арқасында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға көбірек қатысады және құқық бұзушылықтарға қарсы сақтық шараларын қабылдайды.

Тәртіп сақшыларының өздерін техникалық тұрғыдан жарақтандыру да белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда әрбір патрульдік қызметкер жеке бейнежетонмен жабдықталған. Ал Астана, Алматы және Петропавлда бейнежетондар арнайы заманауи мобильді бейнекешендерге ауыстырылды.

Мұндай “смартжетондарды” пайдалану:

– бейнені немесе дыбысты өз бетінше өшіруді болдырмауға;

– онлайн режимінде жағдайды көру үшін қашықтан қосылуды жүзеге асыруға;

– ЖБО офицерлері мен басшыға қызметкердің нақты орналасқан жерін және патрульдің маршруттан ауытқып кетпеуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Цифрлық технологиялар полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Мысалы, 3 ақпанда Қарағанды облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері патрульдік полицейге пара беру фактісі бойынша іс қозғады. Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші хаттама толтырмау үшін қызметкерге пара бергісі келген. 5 ақпанда аталмыш облыстың Шет ауданында осындай факт тоқтатылды. Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші патруль қызметкеріне ақша ұсынған. Іс бойынша тергеу жүргізілуде. ІІМ цифрлық шешімдерді пайдалану азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге жалпы ішкі істер органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді деп санайды.

Широкое использование современных технологий в повседневной полицейской деятельности — одна из главных задач, поставленных Главой государства перед органами внутренних дел. Это дает возможности и для профилактики правонарушений, и для более оперативного раскрытия преступлений.

Уже сейчас 60% от всех нарушений правил дорожного движения выявляются в автоматическом режиме. А в городах Астана, Алматы и Шымкент этот показатель еще выше – 86%. Для этого по стране используется более 18 тысяч стационарных автоматических камер.

Контроль за загородными дорогами ведется автоматическими программными комплексами на базе патрульных автомобилей. На сегодня количество таких передвижных устройств по всему Казахстану составляет 60.

Для выявления “злостных нарушителей” правил дорожного движения и “опасных водителей” МВД в прошлом году запустило программу “Қорғау”. С ее помощью можно выявлять автомобили с подложными номерами, без страховки, находящиеся в розыске, а также водителей, лишенных прав, систематически нарушающих ПДД и не оплачивающих штрафы.

Вся информация про нарушителя с камер отправляется оператору ЦОУ и на планшет ближайшего сотрудника патрульной полиции. То есть нет необходимости как было раньше останавливать подряд все автомобили, так как система сама подскажет полицейскому, кто из водителей является “опасным” на дороге.

Благодаря цифровым средствам полицейские больше задействованы в охране общественной безопасности и принимают предупредительные меры к нарушениям.

Активно проводится техническое перевооружение и самих стражей порядка. На сегодня каждый патрульный оснащен персональным видеожетоном. А в Астане, Алматы и Петропавловске видеожетоны заменены на более современные мобильные носимые видеокомплексы со специальным программным обеспечением.

Использование таких “смартжетонов” позволяет:

– исключить самовольное отключение видео или звука;

– осуществлять дистанционное подключение к ним со стороны проверяющего для просмотра изображения в режиме онлайн;

– офицерам ЦОУ и непосредственному руководству отслеживать фактическое нахождение сотрудника и возможное отклонение от маршрута патрулирования.

Цифровые технологий повышают эффективность работы сотрудников полиции и снижают коррупционные риски. К примеру, 3 февраля сотрудниками собственной безопасности департамента полиции Карагандинской области возбуждено дело по факту дачи взятки патрульному полицейскому. Водитель хотел подкупить сотрудника за не составление протокола за нарушения правил дорожного движения. 5 февраля в Шетском районе этой же области пресечен аналогичный факт. Водитель, выехавший на встречную полосу, просил патрульного отпустить его за деньги. Дело также расследуется. В МВД считают, что использование цифровых решений не только повышает эффективность работы полиции по обеспечению безопасности граждан, но так же значительно снижает коррупционную составляющую в деятельности органов внутренних дел в целом.

Источник.https://polisia.kz/ru/mvd-razvivaet-tsifrovizatsiyu-politsejskoj-deyatel-nosti/

Просмотров: 178
Категория: 
�����