Тәулік ішінде дрон көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзған 8 жүргізуші анықталды
Ақтөбе облысы ПД Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шараларды үнемі өткізеді.
Осылайша, Самара-Шымкент республикалық маңызы бар трассада тәртіп сақшылары "дрон" пайдаланыпкешенді жұмыс жүргізді.
Әуе арқылы іске қосылған бейнебақылау құрылғысы жол ережелерін өрескел бұзған және қарсы жолаққа шыққан жүргізушілерді анықтауға көмектесті. Нәтижесінде тәулік ішінде 8 жол қозғалысы ережесін бұзушы анықталды.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 2-бөлігі бойынша " Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту ережелерін бұзу" бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында полицейлер автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау және қарсы қозғалыс жолағына шықпау керектігін еске салды. Болашақта мұндай іс-шаралар апатты-қауіпті учаскелерде жалғасатын болады.
С помощью дрона за сутки выявлено 8 водителей, нарушивших ПДД
Сотрудники роты патрульной полиции ДП Актюбинской области регулярно проводят рейдовые и профилактические мероприятия по предупреждению дорожно-транспортных происшествий.
Так, на трассе республиканского значения Самара-Шымкент стражи порядка провели работу с использованием комплексных систем «дронов».
Запущенное в воздух устройство видеонаблюдения помогло выявить водителей, которые грубо нарушили правила дорожного движения и выехали на встречную полосу. В результате за сутки установлено 8 нарушителей ПДД.
В отношении водителей составили 8 административных протоколов по ч. 2 ст. 596 КоАП РК «Нарушение правил расположения транспортного средства на проезжей части дороги, встречного разъезда или обгона, а равно пересечение организованной транспортной или пешей колонны».
Также в рамках мероприятия полицейские напомнили автомобилистам о необходимости соблюдать ПДД и не выезжать на полосу встречного движения. В дальнейшем подобные мероприятия будут продолжены на аварийно-опасных участках.