Ақтөбеде есірткі масаң күйде автобус жүргізушісі ұсталды
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде "Жолдағы балалардың қауіпсіздігі" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Бейбітшілік және Тургенев көшелерінің қиылысында жол-көлік ережесін бұзғаны үшін "ПАЗ" маршруттық автобусы тоқтатылды. Автобус жүргізушісі өзінің мінез-құлқымен полиция қызметкерлеріне күдік туғызған. Медициналық куәландыру көрсеткендей, автобус жүргізушісі есірткі пайдаланғаны анықталды.
ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.
Автобус арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Материал әкімшілік соттың қарауына жіберілді.
Сондай-ақ, мекеме механигіне қатысты ӘҚБтК-нің 619-бабы 1-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
В Актобе задержан водитель маршрутного автобуса под «кайфом»
2 апреля т.г. на пересечении улиц Мира и Тургенева в рамках республиканского оперативно-профилактического мероприятия «Безопасность детей на дороге» за нарушение ПДД был остановлен маршрутный автобус «ПАЗ». Водитель автобуса своим поведением вызвал подозрение у сотрудников полиции. Как показало медицинское освидетельствование, водитель автобуса находился в состоянии наркотическом опьянении.
Возбуждено административное производство по части первой статьи 608 КоАП «Управление транспортным средством водителем, находящимся в состоянии опьянения». Водителю грозит административный арест на 15 суток и лишение права управления транспортным средством сроком на семь лет.
Автобус водворен на специальную штрафную стоянку. Материал направлен на рассмотрение в административный суд.
Также, в отношение механика автопарка составлен административный протокол по статье 619 ч.1 КоАП «Допуск к управлению транспортным средством водителя, находящегося в состоянии опьянения».