С помощью служебных собак с начала года раскрыто 199 преступлений в Актобе

Ақтөбеде жыл басынан бері  қызметтік иттердің көмегімен 199 қылмыс ашылды

Қазіргі уақытта арнайы техникалық құралдардың айтарлықтай дамуы мен қолданылуына қарамастан, полицияда қызметтік иттер қару-жарақ, жарылғыш заттар мен есірткілерді анықтауда, қылмыстарды ашуда таптырмас көмекші болып қала береді.

2023 жылдың басына бері облыс аумағында  қызметтік иттердің көмегімен 199 қылмыс ашылды, оның ішінде 2 кісі өлтіру, бірнеше ұрлық, тонау қылмыстары ашылып, 54 килограмм есірткі заттары табылды.  Сонымен қатар, қазіргі таңда қоғамда синтетикалық есірткі заттарының таралуына байланысты қызметтік иттер оларды іздеп табуға кәсіби даярланып, бейімделуде.  Жыл басынан бері облыс аумағында  қызметтік иттердің көмегімен 1,7 кг синтетикалық есірткі заттары табылды.

Кинолог-маманның негізгі міндеті - оқиға орнында немесе жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қызметтік итті қолдануға дайын болу, қылмыстық іздестіру, тергеу, анықтау, патрульдік полицияның  қызметкерлеріне қылмысты ашуға көмектесу, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету. «Полицияда қызмет ететін кинолог мамандығында кездейсоқ адамдар жоқ, өйткені оның негізінде жануарларға деген сүйіспеншілік жатыр. Еңбекқорлық, шыдамдылық, жауапкершілік және зейінділік - онсыз адам мен иттің сәтті тандемінің болуы,  жұмысты   тиімді орындау мүмкін емес» - дейді Ақтөбе облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция майоры Сапабек Рахимов.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығында  өз ісін сүйіп атқаратын нағыз мамандар қызмет етеді, олардың ішінде 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар  полицей-кинологтар   бар.

С помощью служебных собак с начала года раскрыто 199 преступлений в Актобе

В настоящее время, несмотря на значительное развитие и применение специальных технических средств, в полицейской деятельности служебные собаки остаются незаменимыми помощниками в обнаружении оружия, взрывчатых веществ, взрывных устройств и наркотиков, содействуют раскрытию преступлений.

С начала 2023 года на территории области с помощью служебных собак раскрыто 199 преступлений, в том числе 2 убийства, ряд краж, грабежей, обнаружено 54 килограмма наркотических средств. Кроме того, в связи с распространением синтетических наркотических веществ среди молодежи, в настоящее время служебных собак полицейские профессионально готовят и адаптируют  к их поиску.  Так, за 6 месяцев текущего  года на территории области при помощи служебных собак изьято 1,7 кг синтетических наркотических средств.

Основная задача каждого полицейского-кинолога – быть готовым к применению служебной собаки на местах происшествия или при проведении оперативно-розыскных мероприятий, помочь сотрудникам уголовного розыска, следствия, дознания, патрульной службы раскрыть преступление, обеспечить охрану общественного порядка.  «В профессии кинолога не бывает случайных людей, ведь в её основе лежит любовь к животным. Трудолюбие, выдержка, инициатива, ответственность и внимательность – без всего этого не может быть успешного тандема человека и собаки, эффективного выполнения служебного долга» - говорит начальник Центра кинологической службы ДП Актюбинской области майор полиции Сапабек Рахимов.  

В настоящее время в Центре кинологической службы ДП Актюбинской области несут службу настоящие профессионалы своего дела, в том числе полицейские-кинологи с опытом работы более 20 лет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 243
Категория: 
�����