Ақтөбе облысының полицейлері жолдарда құқықтық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Өкінішке орай, жол ережелерін сақтамайтын жүргізушілер әлі де бар, бұл жол-көлік оқиғаларын тудырады.
Шілде айында Ақтөбе өңірінде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды. Апаттардың негізгі себептері жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу болып табылады.
Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде сағат 14:30 –да "Toyota Ipsum" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына қарай келе жатып, Самара-Шымкент автожолының 994-километрінде көліктің аударылуына жол берген.
Апат салдарынан осы автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Жүргізуші мен үш жолаушы Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда қырағы болуға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.
Полицейские Актюбинской области на постоянной основе проводят работу по обеспечению правопорядка на дорогах и безопасности дорожного движения. Но к сожалению, все еще имеются водители, не соблюдающие правила дорожного движения, что становится причиной дорожно-транспортных происшествий.
За июль месяц в Актюбинском регионе зарегистрировано 33 дорожно-транспортных происшествий.
В результате погибли 11 человек, а 49 получили различные травмы. Основными причинами аварий являются превышение скорости, нарушение правил дорожного движения пешеходами, несоблюдение безопасной дистанции на проезжей части, выезд на встречную полосу движения.
27 июля т.г. в 14:30 часов 25 –летний водитель автомашины марки «Toyota Ipsum», двигаясь со стороны г.Актобе в направлении п. Иргиз на 994 км. автодороги «Самара-Шымкент» допустил опрокидывание.
В результате ДТП несовершеннолетний пассажир данной автомашины скончался в карете скорой помощи. Водитель и трое пассажиров госпитализированы в ЦРБ Айтекебийского района.
В этой связи, Департамент полиции Актюбинской области призывает участников дорожного движения быть бдительными на дорогах и не нарушать правила дорожного движения.