27-30 тамыз аралығында Ақтөбе облысында "Назар аударыңыз - балалар!" арнайы шарасы өтеді
Акция дәстүрлі түрде оқу жылының басына орайластырылған және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
"Полиция қызметкерлері, педагогтар мен ата-аналар жол қозғалысының жас қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш біріктіреді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған іс - шаралар да жоспарланған", - деді ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Амантұрлы Такешев.
Шара барысында ата-аналармен профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылады. Полицейлер балалардың қатысуымен болған ЖКО себептері мен салдарын түсіндіреді, кәмелетке толмағандарды қауіпсіз тасымалдау қағидаларын, ЖҚЕ бұзғаны үшін жауапкершілікті, сондай-ақ ересектерге жолда дұрыс және қауіпсіз мінез-құлықты өзі үлгі болып көрсету қажеттігін еске салады.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 86 ЖКО орын алып, онда 11 бала қаза болды және 102 бала түрлі дене жарақаттарын алды.
Специальное мероприятие "Внимание - дети!" проходит в Актюбинской области с 27 по 30 августа
Акция традиционно приурочена к началу учебного года и нацелена на профилактику дорожных происшествий с участием детей.
"Сотрудники полиции, педагоги и родители объединят свои усилия по обеспечению безопасности юных участников дорожного движения. Запланированы мероприятия для детей и подростков", - рассказал заместитель начальника УМПС ДП Амантурлы Такешев.
Особое внимание уделят профилактической работе с родителями. Полицейские разъяснят причины и последствия ДТП с участием детей, напомнят о правилах безопасной перевозки несовершеннолетних, ответственности за нарушения ПДД, а также о том, что взрослым необходимо личным примером демонстрировать правильное и безопасное поведение на дороге.
С начала года в Актюбинской области с участием детей произошло 86 ДТП, где 11 детей погибло и 102 получили различные телесные повреждения.