Ақтөбеде 10 жасар қыз алаяқтардың құрбаны болды.
Белгісіз әйел үй телефонына қоңырау шалып, балаға оның анасының жол-көлік оқиғасын жасап, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін, анасын жауапкершіліктен құтқару үшін көп ақша қажет екенін айтқан.
Өзін тергеуші ретінде таныстырған әйел тіпті телефонды қыздың анасына бергендей кейіп танытқан. «Анасы» жылаған дауыспен баладан үйдегі барлық жинақ ақшаны беріп жіберуді өтінген.
Бұдан әрі алаяқ 10 жасар қызға 700 мың теңге көлеміндегі ақша салынған пакетті өзінің сыбайласына қалай беру керектігін айтқан. Анасының қиындыққа тап болғанына сеніп, шошып қалған бала ақшаны олар айтқан нұсқау бойынша беріп жіберген. Анасы үйге келгеннен кейін ғана баланың алаяқтарға алданғаны белгілі болған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындап, әлеуметтік желі арқылы белгісіз адаммен кездескенін айтты. Ол оған жұмыс ұсынған. Міндет - жәбірленушіден ақша алу және барлық соманы көрсетілген "жұмыс берушінің" шотына аудару болған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өңірде алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінгендер саны өсуде. Алаяқтар жәбірленушілерге туыстары апатқа ұшырағанын айтып қоңырау шалып, зардап шегушілерді емдеу немесе қылмыстық істі тоқтату үшін қажет деген сылтаумен ақша талап етеді.
Құрметті ақтөбеліктер! Қырағы болыңыз және алаяқтардың айла-амалдарына алданбаңыз! Қиындыққа тап болды-ау деген туыстарыңызға қоңырау шалыңыз. Телефонды қойып, ақпаратты екі рет тексеріңіз.
В Актобе жертвой мошенников стала 10-летняя девочка. Ребенку сказали, что ее мама совершила аварию с пострадавшими.
Неизвестная женщина позвонила на домашний телефон и заявила девочке, что ее мама якобы совершила ДТП и сбила пешехода, для освобождения об ответственности мамы нужно много денег.
Для убедительности лже-следователь даже передала телефон маме, которая со слезами просила свою дочь передать все сбережения, которые находились дома. В панике девочка даже не поняла, что голос не принадлежит ее маме и не перезвонила ей для уточнения всех обстоятельств.
Далее мошенники проинструктировали 10-летнию девочку, как передать деньги их сообщнику, который и забрал пакет с крупной суммой в размере 700 тыс. тенге. Обман раскрылся, когда мама вернулась домой.
Сотрудниками полиции в ходе оперативно-розыскных мероприятий задержан 23-летний подозреваемый. Он признал свою вину и рассказал, что познакомился с неизвестным ему мужчиной через социальную сеть. Тот предложил ему работу. Задача заключалась в том, чтобы забрать у потерпевшей деньги и перевести всю сумму на указанный счет “работодателя”.
По данному факту начато досудебное расследование по статье 190 части 1 УК РК “Мошенничество”.
В последнее время в регионе заметно увеличилось количество обращений в полицию ставших жертвами обмана. Мошенники звонят, утверждая, что их родственники попали в ДТП, и требуют оплату на лечение потерпевшей или для прекращения уголовного дела.
Уважаемые актюбинцы! Будьте бдительными и не поддавайтесь на уловки мошенников. Всегда перезванивайте родственникам, которые якобы попали в беду. Положите трубку и перепроверьте эту информацию.