Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған қылмыскерді ұстады
20-21 қыркүйек аралығында республика аумағында өткізіліп жатқан "Іздестіру-ТМД 2023" жедел –профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады.
Аталған азамат 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттері өртеп, көміп тастаған.
Осы қылмысты жасағаннан кейін іздеудегі адам 24 жыл бойы Ресейдің құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Актюбинские оперативники задержали уголовного преступника скрывавшегося на протяжении 24 лет от правоохранителей России
В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Розыск – СНГ 2023», проводимого в период с 20 по 21 сентября на территории республики, сотрудники Управления криминальной полиции ДП Актюбинской области задержали 56-летнего гражданина Российской Федерации, разыскиваемого в своей стране за совершение тройного убийства и разбойного нападения.
Осенью 1999 года в г. Оренбург он в группе лиц, по предварительному сговору с 3 лицами (ранее задержанных и осужденных), с целью получения денежной наживы и сокрытия следов преступления совершили разбойное нападение и убийство 3-х граждан, трупы которых они сожгли и закопали.
После совершения преступления разыскиваемый скрывался от правоохранительных органов России на протяжении 24 лет.
В настоящее время задержанный водворен в следственный изолятор. Решается вопрос об экстрадиции в Российскую Федерацию.