В Актобе полицейские спасли женщину от суицида

Ақтөбеде полицейлер әйелді суицидтен құтқарды

25 қыркүйекте полицияның 102 нөміріне Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабының 4-мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің  5-қабатының балконынан  әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына  полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем қызметінің мамандары шұғыл жетіп, ақпараттың растығын анықтады.

Төтенше жағдай қызметкерлері пәтердің есігін ашып, ішке кірген Ақтөбе қаласының №4 қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Аслан Адаев өзіне өзі қол жұмсамақ болған әйел адамды құтқарды.

Анықталғандай, 36 жастағы әйел алкогольдік мас күйде болған және мұндай үмітсіз қадамға  оның  күйзеліске түсуі мен жақындарына  деген реніші себеп болған.

Азаматшаға қажетті психологиялық көмек көрсетілді, қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты.

 В Актобе полицейские спасли женщину от суицида

25 сентября на пульт 102 полиции поступило сообщение о том, что в 4 микрорайоне жилого массива Есет батыр города Актобе женщина пытается  спрыгнуть с балкона 5-го этажа.

На место происшествия незамедлительно прибыли сотрудники полиции, ДЧС и скорой помощи, где информация о попытке суицида подтвердилась.  

Сотрудники ДЧС незамедлительно открыли дверь квартиры и участковым инспектором полиции по делам несовершеннолетних городского отдела полиции №4  УП г. Актобе старшим лейтенантом полиции Асланом Адаевым  женщина была удачна спасена.

Выяснилось, 36-летняя женщина находилась в состоянии алкогольного опьянения и на такой отчаянный шаг был вызван ее депрессивным состоянием  и обидой на близких.

Женщине оказана необходимая психологическая помощь, в настоящее время ее состояние стабильное.

Просмотров: 123
Категория: 
�����