Ақтөбеде еңбек шеруінде алты полиция қызметкері марапатталды
Әр салада қызмет етіп жүрген қарапайым жұмыскерлерге лайықты құрмет көрсету мақсатында 26 қыркүйекте Ақтөбе облысы әкімдігімен ұйымдастырылған «Адал азамат – Адал еңбек» атты еңбек шеруінде қызметіне адал 6 полиция қызметкері облыс әкімі Асхат Шахаровтың марапатына ие болды.
Атап айтқанда, полиция департаментінде иық тіресе абыройлы қызмет етіп жүрген ерлі-зайыпты подполковниктер Еділ және Венера Абдуллиндердің, қауырт қызметімен қатар студенттерге тынбай тәлімгерлік етуге ықылас пен уақыт тауып жүрген Анықтау басқармасының бастығы Эльмира Суликанованың еңбегі еленсе, қалалық, аудандық полиция бөлімдерінде қызметтік борыштарын адал, әрі жанкештілікпен атқарып, халық алғысын арқалаған сақшылардың да еңбегі атап өтілді. Оның ішінде жуырда ғана көпқабатты үйдің балконынан секірмек болған әйелді ерлікпен құтқарған Хромтау ауданының учаскелік полиция инспекторы Райымбек Оңғарбаев, қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өз пәтерінде орын алған қос кісінің өлімін «ізін суытпай» ашып, күдіктіні қолға түсірген қырағы учаскелік полиция инспекторы Аслан Дуюсов және жұмыста ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жас тергеуші Ізбасар Ерлан бар.
Шарада облыс әкімінің марапатын полицейлерге Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов табыстап, ел тыныштығын қамтамасыз ету кезінде адал еңбегімен көпге үлгі болып жүрген марапат иелеріне сәттілік тіледі.
Шесть сотрудников полиции награждены на параде труда в Актобе
В целях чествования рядовых работников региона, трудящихся в различных отраслях, 26 сентября на параде труда «Адал азамат – Адал еңбек», организованном акиматом Актюбинской области, 6 сотрудников полиции, добросовестно выполняющие свои служебные обязанности были награждены благодарственными письмами акима области Асхата Шахарова.
Так, на параде труда отмечены заслуги супругов-полицейских подполковников полиции Едила и Венеры Абдуллиных, начальника Управления дознания ДП Эльмиры Суликановой, которая наряду со служебной деятельностью всегда находит время и желание для наставничества над студентами. Сотрудники городских и районных отделов полиции, с честью и достоинством самоотверженно выполняющие свой служебный долг, тоже не остались без внимания. Участковый инспектор полиции Хромтауского района Райымбек Онгарбаев, который недавно героически спас женщину, пытавшуюся спрыгнуть с балкона многоэтажки, участковый инспектор полиции Аслан Дуюсов, который в сентябре т.г. раскрыл «по горячим следам» двойное убийство супругов, котрорых нашли мертвыми в своей квартире в Актобе и молодой следователь Ерлан Ізбасар, добившийся самых высоких показателей в работе также получили благодарность акима.
На мероприятии награду акима области полицейским вручил начальник департамента полиции Актюбинской области Абай Жусупов и пожелал награжденным успехов и удачи в службе.