В Актюбинской области задержаны двое грабителей

Ақтөбе облысында екі қарақшы ұсталды

Ағымдағы жылдың 3 қазанында Байғанин ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімінің "102" телефонына "Volvo FH 440" жүк көлігінің жүргізушісіне белгісіз адамдар пышақ жарақатын салып, көлікке тиелген тұрмыстық техниканы ашық түрде ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберіліп, "Қолға түсіру" жоспары енгізілді. Келген полиция жасағы екі белгісіз адамның жүк көлігінің тіркемесін кесіп, 10 дана шаңсорғышты ашық түрде ұрлап, жүкті тасымалдаған Қырғызстан Республикасының азаматына бір рет пышақ салғанын анықтады.

Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері "ізін суытпай" қабылданған шаралардың нәтижесінде 29 және 30 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері мен автокөлігінен ұрланған тұрмыстық техника тәркіленді. Зардап шеккен жүргізуші аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірі уақытша үстау изоляторына қамалды.

В Актюбинской области задержаны двое грабителей

3 октября т.г. на телефон «102» дежурной части Байганинского районного отдела полиции поступило сообщение, о том, что водителю грузовой автомашины «Volvo FH 440» неизвестные нанесли ножевое ранение и открыто похитили бытовую технику.

Незамедлительно на место происшествия направлен наряд полиции и введен план «перехват». Прибывшим нарядом полиции было установлено, что двое неизвестных лиц порезав тент прицепа грузовой автомашины открыто похитили 10 штук пылесосов и нанесли один удар ножом в живот водителю, гражданину Республики Кыргызстан, перевозившего груз.

Принятыми мерами по «горячим следам» сотрудниками местного отдела полиции установлены и задержаны двое 29 и 30-летних местных жителей. По месту проживания и в автомашине одного из подозреваемых изъята похищенная бытовая техника. Пострадавший водитель госпитализирована в районную больницу.

По факту разбойного нападения начато досудебное расследование по ст.192 ч.2 УК РК. Один из задержанных водворен в ИВС.

 

 

Просмотров: 161
Категория: 
�����