Көлікте ұйықтаған жүргізушіні ұры тонап кетті
3 қазанда таңға жуық мезгілде белгісіз тұлға Ақтөбе қаласы Қарғалы ауылындағы дүкендердің бірінің қасында тұрған «ВАЗ-21713» автокөлігінің салонынан ұялы телефон және ішіне құжаттары бар әмиян мен жұмыс дәптері салынған сөмкені ұрлап кеткен. Бұл ретте, 25 жастағы көлік иесі автокөліктің есігін кілттемей, ішінде ұйықтап жатқан. Қаскүнем заттарды көліктің жолаушылар жақ есігі арқылы кіріп ұрлаған.
Жәбірленуші өзіне келтірілген шығын көлемін 122.000 теңгеге бағалады. Сонымен қатар, жиһаз дайындау саласында жұмыс жасайтын жас жігіт полицейлерге ұрланған жұмыс дәптерінде тапсырыс берушілердің барлық маңызды сызбалары мен жобалары, жеке деректері бар екендігін хабарлады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 47 жастағы бұрын сотталған жергілікті тұрғын «ізін суытпай» ұсталды. Күдікті қылмысын мойындады. Ұсталғаннан заттай айғақтардың барлығы алынды.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Вор обокрал водителя, спавшего в салоне автомашины
3 октября ранним утром неизвестное лицо с салона автомашины «ВАЗ-21713» припаркованной возле магазина в селе Каргалинское г.Актобе, путем свободного доступа совершил кражу сотового телефона и сумку, в которой находились портмоне с документами и рабочая тетрадь. Примечательно, что в момент совершения кражи 25-летний потерпевший спал в салоне автомашины, не закрыв на ключ дверь. Злоумышленник тайно проник со стороны пассажирской двери автомобиля.
Потерпевший оценил причиненный ему ущерб в 122.000 тенге. При этом, молодой человек, работающий в сфере изготовления мебели, сообщил полицейским, что в украденной рабочей тетради были очень важные для него рабочие данные: чертежи, проекты и контакты заказчиков.
В ходе оперативно-розыскных мероприятий сотрудниками криминальной полиции по подозрению в совершении данного преступления по «горячим следам» задержан 47-летний ранее судимый местный житель, у которого были изъяты все похищенные вещи. Подозреваемый свою вину признал.
По данному факту возбуждено уголовное дело по ч. 3 ст. 188 УК РК (кража). Ведется расследование.