Ақтөбелік полицейлер елде заңсыз жүрген 5 ауғанстандық азаматты анықтады
"Заңсыз келуші-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақтөбе облысы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметі департаментімен бірлесіп ел аумағында заңсыз жүрген 5 шетелдікті анықтады.
Ауғанстан Республикасының азаматтары Ақтөбе облысының аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын одан әрі заңсыз кесіп өту үшін транзитпен жүрген.
Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын уақтылы болдырмауға мүмкіндік туды.
Тексеру барысында Ауғанстан Республикасының азаматтары көші-қон заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ұзақ уақыт болғаны және Ақтөбе облысына елдің оңтүстік өңірі арқылы келе жатқаны анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабы (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалғаны анықталды.
Актюбинские полицейские установили 5 афганцев, незаконно находившихся в стране
В период проведения оперативно-профилактического мероприятия «Нелегал-2023», сотрудниками Управления миграционной службы департамента полиции Актюбинской области совместно с Департаментом пограничной службы КНБ установлены 5 иностранцев, незаконно находящихся на территории страны.
Граждане Республики Афганистан следовали транзитом, для дальнейшего незаконного пересечения государственной границы Казахстана.
В результате профилактических мероприятий своевременно удалось пресечь нарушения законодательства Республики Казахстан.
При проверке установлено, что афганцы находились на территории Казахстана длительное время, с нарушением миграционного законодательства и ехали в Актобе с южных регионов страны. В отношении иностранцев составлены административные протокола по ст.517 КоАП РК (нарушение иностранцем или лицом без гражданства законодательства Республики Казахстан в области миграции населения).