Свыше 168 тысяч государственных слуг оказала миграционная служба ДП Актюбинской области

Ақтөбе облысы ПД көші-қон қызметкерлері жыл басынан бері 168 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Ақтөбелік полицейлер ағымдағы жылдың 9 айында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 1514 адамды, оның ішінде 1071 шетелдік және 443 қазақстандық азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл ретте, ел азаматтары шетелдіктерді қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер үшін белгіленген заңнаманы бұзушылықтарға жол берсе, шетелдіктер ел аумағында болу тәртібін бұзған және заңсыз  жұмыс жасаған. Осыған байланысты сот органдарының шешімдерімен 360 шетел азаматы әкімшілік жолмен ел аумағынан  шығарылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтудің 5 фактісі және ел аумағында транзитпен заңсыз жүрген 12 шетелдік анықталды. Бұдан басқа, көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеуде жүрген 177 борышкер мен алимент төлемеушілердің жүрген жерін анықтады.

«Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету - көші-қон қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан бері көші-қон қызметкерлерімен 10 қызмет түрі бойынша  168 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тұрақты негізде мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде оларға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі, мұндай санаттағы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді үйіне бара отырып көрсету мүмкіндігі де қарастырылған» - деді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметтер сапалы және уақтылы көрсеткені, кәсібилігі үшін жыл басынан бері ақтөбелік полицейлерге шетел азаматтары тарапынан бірнеше рет алғыстар да түскен.  

Свыше 168 тысяч государственных слуг оказала миграционная служба ДП Актюбинской области

За 9 месяцев текущего года  за нарушение миграционного законодательства актюбинские полицейские привлекли к административной ответственности 1514 лиц, в том числе  1071 иностранцев  и  443 граждан Республики Казахстан. В большинстве случаев иностранцы нарушили порядок пребывания на территории страны и трудились незаконно, а казахстанцы были привлечены к ответственности за привлечения незаконной рабочей силы.

Решениями судебных органов выдворено за пределы Республики Казахстан 360 иностранцев.

  Выявлено 5 фактов умышленного незаконного пересечение государственной границы Республики Казахстан, установлены 12 иностранцев, которые следовали транзитом для дальнейшего незаконного пересечения государственной границы Казахстана.

Кроме того, миграционными полицейскими области установлены местонахождения 177 должников и неплательщиков алиментов, находящихся в розыске.

«Одной из главных приоритетов миграционной службы является качественное и своевременное оказание государственных услуг населению. Только с начала года их оказано свыше 168 тысяч по 10 видам услуг. Кроме того, на постоянной основе ведется работа по созданию комфортных условий для лиц с ограниченными возможностями, при предоставлении им государственных услуг, в том числе оказание услуг на дому» - отмечает  первый заместитель начальника Департамента полиции Актюбинской области Ардана Саймагамбетов.

Между тем, за качественное и своевременное оказания государственных услуг и профессионализм, с начала года  неоднократно поступали слова благодарности от иностранных граждан в отношении актюбинских полицейских.

 

 

Просмотров: 255
Категория: 
�����