Гораздо проще предупредить, чем раскрыть: следователь Актюбинского «Киберпола» рассказал об интернет-мошенничествах

Гораздо проще предупредить, чем раскрыть: следователь Актюбинского «Киберпола» рассказал об интернет-мошенничествах

По мере роста количества пользователей интернета возрастает число и киберпреступников пытающихся заработать на этих пользователях. С целью раскрытия уголовных правонарушений указанной категории в Актобе функционирует ударно-целевая группа «Киберпол», о работе которой рассказал старший следователь-киберполовец Жалгас Зиноллин.

«Киберпол» создан на базе городского управления полиции и специализируется на раскрытии интернет-мошенничеств. В состав группы закреплены следователи, оперуполномоченные, криминалисты и участковые инспекторы полиции. Дела ведутся в электронном формате. Учитывая, что интернет-мошенничества совершаются в онлайн платформе, полицейские в составе группы тоже владеют последними возможностями IT - технологии», - говорит следователь.

На основании обращений граждан, поступивших в «Киберпол», Жалгас Зиноллин отметил 3 наиболее распространенных вида интернет-мошенничества в регионе. Первое  -  хищение денег со счетов пластиковых карт,  второе - получение предоплаты либо полной оплаты за товар или услугу по интернет-объявлениям, третье - вложение денег в различные сомнительные проекты, игры, инвестиции, ставки и т. д. для приумножения своих денег.

"Первый случай самый распространённый.  Преступники представляются сотрудниками служб безопасности банков и сообщают о подозрительных операциях на счетах граждан. В большинстве граждане под их убеждениями сами переводят деньги на указанные мошенниками счета, либо добровольно передают мошенникам свои персональные данные"говорит он.

Несмотря на постоянно проводимые профилактические работы и сколько бы не били тревогу  полицейские,  жители области продолжают попадаться на уловки киберпреступников.

«К сожалению, преступления, совершенные с использованием продвинутых технологий, быстро не раскрываются,  требуется тщательная крапотливая работа.  Связано это тем, что в большинстве преступники находятся за границей. Они используют поддельные личные данные, телефонные номера, оформленные на других лиц, подменивают IP-адреса, могут работать в данной сфере из любой точки мира. Когда мошеннику удаётся раскрутить жертву на деньги, то он предоставляет ей реквизиты банковских счетов и карт, оформленных на третьи лица. Далее для их  обналичивания он использует подставных лиц-дропперов”, - излагает Жалгас Зиноллин. По словам киберполицейского, при расследовании интернет мошенничеств они  испытывают ограничения в техническом плане. Это связано с тем, что мошенники в переписке с жертвами и дропперами пользуются мессенджерами, которые позволяют скрывать их абонентские номера.

«Дропперами часто становятся молодые люди в возрасте 18-25 лет, которые по указанию злоумышленников открывают на свое имя банковские счета и передают им данные карты. За посреднические услуги им платят небольшие  деньги, например 5 тысяч тенге за одну карту.  Дропперы глубоко не задумываются о происхождениях и последствиях таких денег. Ведь от их несознательности и беспечности страдают другие невинные  люди» - говорит следователь.  

Однако, есть и молодые люди, сознательно идущие на киберпреступления. Так, в ходе расследования уголовного дела по факту мошенничества в отношении двух актюбинцев, старший следователь Жалгас Зиноллин установил 25-летнего жителя Туркестанской области, как выяснилось  обманувшего еще 34-х граждан с разных регионов страны, под предлогом приумножения денег через соцсеть.   Подозреваемый был задержан и привлечен у уголовной ответственности.

Настоящее время специалисты "Киберпола" работают в тесном взаимодействии с банками второго уровня, администраторами онлайн торговых площадок, провайдерами сотовой связи. В результате с начала года было заблокировано 146 банковских счетов и 409 сайтов.

Ақтөбенің  «Киберпол» тергеушісі интернет-алаяқтықтың жай-күйі туралы айтып берді

Интернет кеңістікте қолданушылар санының артуына байланысты кибералаяқтар да көбейді. Ақтөбеде интернет-алаяқтықты ашуға маманданған  «Киберпол» арнайы тобы жұмыс жасайды. Бұл туралы осы топтың аға тергеуші  Жалғас Зиноллин айтып берді.

«Киберпол» қалалық полиция басқармасында орналасқан және тек интернет алаяқтықтарды ашумен айналысады. Топтың құрамында тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер мен учаскелік инспекторлар бар. Істер электрондық форматта жүргізіледі. Интернет-алаяқтықтар ақпараттық технологиялар көмегімен жасалатындықтан, топ құрамындағы полицейлер де ІТ-технологияларды  жетік  меңгерген» - дейді тергеуші.

Жалғас Мұхтарұлының айтуынша, «Киберполға» түскен арыздардың негізінде, өңірде ең көп тараған интернет-алаяқтықтың 3 түрін атап көрсетуге болады. Біріншісі - банк қызметкері ретінде алдап қоңырау шалып, азаматтардың жеке деректерін иемдену арқылы олардың шоттарындағы ақшаны шешіп  алу немесе атына ірі несие рәсімдеу, екіншісі – онлайн сауда платформасындағы алаяқтықтар, яғни тауарға немесе қызметке алдын ала ақша төлету, үшіншісі – азаматтарды оңай жолмен ақшаны көбейтуге шақыру. Бұл ретте, инвестицияға, ставкаға ақша салуға шақыру арқылы ақша иемденуді атап көрсетуге болады.

«Өкінішке қарай, полиция тарапынан қанша дабыл қағылғанымен, азаматтар әлі де алаяқтардың құрбаны болуда.  Интернет алаяқтықтарды бірден ашу мүмкін емес, кешенді жұмыс қажет. Мұның басты себебі қылмыскерлердің ел аумағында болмауы. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, олар көбіне басқа мемлекетте отырып қылмыстық схеманы жүзеге асырып отырған шетелдіктер. Ал, осы қылмыстардың жасалуына ықпалын тигізіп,  ашылуына да кедергі болып отырғандар – дропперлер ретінде пайдаланылып жүрген өзіміздің жастар» - деп тұжырымдайды маман.

Киберпол тергеушісінің айтуынша, қылмыскерлер көбіне танымал мессенжерлер арқылы жұмыс жасайды. Қылмыстық пиғылдарына 18-25 жас шамасындағы өзіміздің жастарды пайдаланады. Жастар жұмыс берушінің онлайн нұсқауы бойынша өз аттарына банктік төлем карталарын ашып, өздері мүлде көріп-білмеген кибералаяқтарға  береді.

«Алаяқтар жастарды дропперлер ретінде пайдалану кезінде оларға азын-аулақ ақша ұсынады. Мысалы, 50 мың теңгеге әрқайсысын 5 мыңнан 10 карточка аштыруы мүмкін. Бұл ретте, жастар карточкадағы қаржылық операцияларға мүлде қатыспайды немесе хабарсыз болады. Тек карточканы  ашады   барлық деректемелерін онлайн түрде алаяқтарға береді. Жастарымыз көбіне, аңғалдығынан өздері қылмыстық схемаға жұмылдырылып отырғанын байқамайды немесе тереңірек ойламайды. Соның салдарынан басқалар зардап шегеді» -  дейді ол.

Алайда, киберқылмыстарға саналы түрде баратын жастар да болады. Жуырда әлеуметтік желіде ақшаны ставкаға салуға шақырып, 2 ақтөбелік азаматтың ақшасын иелену дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында  аға тергеуші Жалғас Зиноллин күдіктінің 25 жастағы Түркістан тұрғыны екенін анықтаған. Ұсталғаннан кейін күдіктінің осындай жолмен елдің әр аумағынан барлығы 36 азаматты алдағаны  анықталып, сотталған.

 «Киберпол» мамандары екінші деңгейлі банктермен, интернет сауда алаңдарының әкімшілерімен, ұялы байланыс провайдерлерімен өзара іс-қимыл орнатқан. Нәтижесінде биыл алаяқтыққа қатысты 146 банктік шот пен 409 сайттың жұмысы бұғатталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 266
Категория: 
�����