Благодаря бдительному гражданину «по горячим следам»  раскрыта  кража  в Актобе

Ақтөбеде қырағы азаматтың арқасында ұрлықтың  «ізі суымай» ашылды

16 қазанда  56 жастағы азамат Ақтөбе қаласы Кірпішті ауылында орналасқан жер үйлердің бірінің гаражынан мыс сымдар орамаларын жасырын ұрлаған.

Ұрлық оқиғасы сағат шамамен 15.00-15.40  аралығында болған және бұл кезде үй иесі дүкенге кеткен. Аулада ешкімнің жоқтығын байқаған қаскүнем гараждың есігін жұлқып ашу арқылы ішіне кіріп, салмағы бірнеше килограмды құрайтын мыс сымдар орамаларын өзімен бірге көтеріп алып көшеге шыққан.  

Осы кезде аялдамалардың бірінде автобус күтіп тұрған 33 жастағы азамат матаға оралған белгісіз заттарды көтеріп қашып бара жатқан адамды көріп, күдіктеніп артынан ерген. Күдікті адам металл қабылдау пунктіне жақындаған кезде қырағы азамат дереу полицияға хабарласқан.

Осылайша, бөтеннің қайғысына бейжай қарамайтын қала тұрғынының арқасында бөтеннің мүлкін ұрлаудың «ізі суымай» ашылып,  ұрланған заттар тәркіленді. Үй иесінің мыс сымдарды өңдеумен айналысқан жеке кәсіпкер екендігі белгілі болды.

Ұрлық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Қобда ауданының тұрғыны болып шықты, ол жасаған қылмысын  мойындады. Тергеу жүргізілуде.

Благодаря бдительному гражданину «по горячим следам»  раскрыта  кража  в Актобе

16 октября 56-летний мужчина тайно похитил несколько катушек с медными проводами из гаража частного дома в поселке Кирпичный г.Актобе. Кража была совершена  в период с 15. 00 до 15.40  часов времени,  когда хозяйка дома отошла в магазин.

Проходивший мимо злоумышленник, заметив отсутствие людей, вошел во двор дома и  путем отжима металлической двери гаража, взял находящиеся там несколько  катушек с медными проводами, завернул в ткань и выбежал на улицу. 

В этот момент 33-летний горожанин, ожидающий на остановке автобус, увидел бежавшего мужчину с завернутыми в ткань вещами. Его действия вызвали подозрения  у бдительного гражданина и он незамедлительно последовал за неизвестным мужчиной. Когда подозреваемый был уже близок к пункту приема металла, гражданин оперативно набрал номер полиции.

Так, благодаря неровнодушному горожанину «по горячим следам» была раскрыта кража чужого имущества, украденные вещи изъяты. Потерпевшая оказалось индивидуальным предпринимателем, занимавшейся обработкой медных проводов.

По факту кражи возбуждено уголовное дело по части 3 статьи 188  Уголовного кодекса Республики Казахстан. Подозреваемый свою вину признал.  Ведется досудебное расследование.

 

 

Просмотров: 220
Категория: 
�����