100 сверстка с мефедроном  изъято у молодого человека в Актобе

Ақтөбеде жас жігіттен мефедрон салынған 100 түйіншек табылды

2023 жылғы 14 қазанда Ақтөбе облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында  26 жастағы екі азаматты тоқтатты.

Санкцияланбаған жеке тінту барысында олардың бірінің қолсөмкесінің ішінен жасыл түсті ұнтақ зат салынған 100 дана көлеміндегі түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар аса ірі көлемдегі "мефедрон" синтетикалық психотроптық заты екені анықталды.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  қылмыстық іс қозғалды. Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктінің бірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бұл баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

100 сверстка с мефедроном  изъято у молодого человека в Актобе

14 октября 2023 года сотрудниками Управления по противодействию наркопреступности ДП Актюбинской области при проведении целенаправленных оперативно-розыскных мероприятий, по проспекту 312 стрелковой дивизии г.Актобе были остановлены двое молодых людей в возрасте 26 лет.

В ходе несанкционированного личного обыска, у одного из парней внутри барсетки обнаружены и изъяты 100 свертков, внутри которых находились порошкообразное вещество. Согласно заключению экспертизы, изъятые вещества являются синтетическим психотропным веществом «мефедрон», в особо крупном размере.

По данному факту возбуждено уголовное дело по части 4 статьи 296 Уголовного кодекса Республики Казахстан (Незаконные изготовление, переработка, приобретение, хранение, перевозка без цели сбыта наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов в особо крупном размере).  Совокупностью собранных доказательств один из подозреваемых в порядке ст.128 Уголовно-процессуального кодекса РК водворен в изолятор временного содержания.  Проводится досудебное расследование.

Санкция данной статьи предусматривает наказание лишение свободы на срок от трех до семи лет.

 

 

Просмотров: 287
Категория: 
�����