Задержан мужчина, незаконно охотившийся  на зайцев

Заңсыз қоян атқан қару иесі ұсталды

Ембі қалалық полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 21 қазанда түнгі мезгілде  «Ембі-Алтынды»  трассасында Қостанай облысы тұрғынының басқаруындағы «UAZ-3909» автокөлігін тоқтатты.  Автокөлікте  3 жолаушы болды.  Көлік салонын қарау барысында атып алынған 4 қоян,  12-інші және 20-калибрлі екі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық,  38 патрон, 2 резеңке қайық пен 10 метрлік тор  табылып, тәркіленді.

Тәркіленген қарулардың автокөлікте болған Ембі қаласының  43 жастағы тұрғынына тиесілі екендігі анықталды.  Оның қос қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты болғанымен, аңшылыққа  тиісті рұқсаты болмағаны белгілі болды.

Заңсыз аңшылық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Автокөлік полиция бөлімшесінің аумағына тұраққа қойылды.  Тергеу жүргізілуде.

Задержан мужчина, незаконно охотившийся  на зайцев

21 октября ночное время сотрудниками Эмбенского городского отделения полиции в ходе проведения рейдов мероприятий в рамках ОПМ «Браконьер», на трассе «Эмба-Алтынды» (от райцентра 100 км) была остановлена автомашина «UAZ-3909», под управлением 53-летнего жителя Костанайской области.  В автомобиле находилось 3 пассажира.

В ходе осмотра салона автомобиля были обнаружены и изъяты 4 туши отстреленного зайца, 2 гладкоствольных охотничьих ружья 12-го и  20-го калибра, 38 патронов, 2 резиновые лодки и 10-метровая сеть.

Установлено, что изъятые ружия принадлежат 43-летнему жителю города Эмба - пассажиру указанного авто.  Мужчина имел  разрешение на хранение и ношение обеих ружей, однако не имел соответствующего разрешения на охоту.

По факту незаконной охоты возбуждено уголовное дело по части 3 статьи 337 Уголовного кодекса Республики Казахстан. Подозреваемый свою вину признал. Автомашина припаркована на территорию Эмбенского ГОП. Ведется расследование.

 

 

Просмотров: 211
Категория: 
�����