Зейнеткер алаяқтарға алданды
Ақтөбе қаласының 62 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтық дерегі туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның ұялы телефонына белгісіз адам хабарласып, өзін әділет министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы адам зейнеткерге 8 миллион 600 мың теңге көлемінде өтемақы тиесілі екенін және оны алу үшін алдын ала 20 пайыз көлемінде комиссия төлеу қажет екенін хабарлаған.
Мұндай «жаңалыққа» қуанған зейнеткер қоңырау шалушының шотына 1 миллион 800 мың теңге сомасында ақша аударған. Бірнеше күннен кейін жәбірленуші алданғанын түсініп, полицияға келді.
Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды өздерінің қарт туыстарымен алаяқтықтан қорғану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады.
На уловки мошенников попался пенсионер
В полицию о братился 62-летний мужчина с заявлением о факте мошенничества. По словам потерпевшего на мобильный телефон позвонил неизвестный, представился сотрудником министерства юстиции и сообщил, что ему положена компенсация в размере 8 млн 600 тысяч тенге. Для того что бы получить указанную компенсацию необходимо внести комиссию в размере 20%.
Обрадовавшийся мужчина перечислил более 1 млн 800 тысяч тенге на счет звонившего. Спустя несколько дней потерпевший понял, что его обманули и обратился в полицию.
Департамент полиции призывает граждан провести разъяснительную работу с пожилыми родственниками по профилактике интернет мошенничеств.