Актюбинка обманула несколько горожан обещая оформить документы

Автокөлік құжаттарын рәсімдейтінін айтып азаматтарды алдаған  ақтөбелік ұсталды

Жаз айында 34 жастағы ақтөбелік әйел автоқұжаттарды рәсімдеуге көмек беретінін айтып алдап, бірнеше қала тұрғынының ірі көлемдегі ақшаларын иеленген. Жәбірленушілердің барлығы күдіктіні ортақ танысы арқылы тапқан.

Әйел қала тұрғындарының бірнешеуіне жүргізуші куәлігін алуға көмек беретінін айтып,  жалпы сомасы  1.380.000 теңге көлеміндегі ақшаны иеленсе, енді бірде шетелдік есептегі екі автокөлігін тіркеуге қоюға көмектесемін деп  38 жастағы ақтөбеліктен 940.000 теңге алған. 

Уәде еткен құжаттарды да, ақшаларын да қайтып ала алмаған тұрғындар қазан айында полицияға арызданды.

Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық  полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.  Ол кінәсін мойындады.  Қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарды құжаттарын тек ресми органдар арқылы  рәсімдеуге, заңсыз қызмет ұсынған алаяқтарға сенбеуге шақырады.

Актюбинка обманула несколько горожан обещая оформить документы

Летом текущего года 34-летняя актюбинка обманным путем, под предлогом оказания помощи в оформлении автодокументов, завладела крупной суммой денег нескольких горожан. Все потерпевшие познакомились с ней через общих знакомых.

В одном случае женщина под предлогом оказания помощи в получении водительского удостоверения завладела деньгами нескольких горожан, на общую сумму 1.380.000 тенге, а в другом случае под предлогом поставки на учет двух автомашин с иностранной регистрацией, завладела деньгами в сумме 940.000 тенге, принадлежащей 38-летнему горожанину.  

Однако, ни обещанные документы, ни свои деньги горожане получить таки не смогли и в октябре обратились в отдел полиции.

По факту мошенничеств возбуждено уголовное дело по части 3 статьи 190 Уголовного кодекса Республики Казахстан. Сотрудниками криминальной полиции подозреваемая задержана и доставлена в отдел полиции. Свою вину она признала. В рамках уголовного дела проводится досудебное расследование.

Сотрудники полиции призывают граждан оформлять документы только через официальные органы, не доверять мошенникам, предлагающим незаконные услуги.

 

 

 

Просмотров: 158
Категория: 
�����