Полицейские «по горячим следам» задержали автоугонщика  в Актобе 

Полицейлер  автокөлік айдап әкеткен күдіктіні  «ізін суытпай» ұстады

29 қазаннан 30-ына қараған түні белгісіз адам Ақтөбе қаласының Өрлеу тұрғын алабындағы үйдің ауласының алдынан 56 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі "Ваз-2110" автокөлігін жасырын  айдап әкеткен. Иесі кешке есігі кілтпен жабылған көлігін үйінің жанына қойып, таңертең орнынан таппай, полицияға хабарласқан. 
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері сол күні Ақтөбе қаласы К.Нокин даңғылындағы бау-бақша ұжымының жанынан ұрланған автокөлікті тапты. Осы факті бойынша күдікті ретінде  бау-бақша ұжымының 26 жастағы тұрғыны анықталып,  қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті кінәсін мойындап, автокөлікті терезесін сындыру арқылы ұрлағанын жеткізді. Жігіттің айтуынша, өз көлігі істен шыққан соң, оны үйіне сүйреп жеткізу мақсатында ол өзгенің автокөлігін айдап әкеткен. 
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Ұрлау мақсатынсыз автомобиль немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тергеу жүргізілуде. Ұрланған автокөлік  тәркіленді.

Полицейские «по горячим следам» задержали автоугонщика  в Актобе 

В ночь с 29 по 30 октября  неизвестное лицо, находясь перед двором дома жилого массива Орлеу г.Актобе, совершил угон автомобиля «Ваз-2110», принадлежащий 56-летнему местному жителю. Владелец вечером припарковал запертую на ключ автомашину возле своего дома, а утром не обнаружив на месте, обратился в полицию.  
В ходе оперативно-розыскных мероприятий  сотрудниками полиции в тот же день угнанная автомашина обнаружена в городе Актобе, возле садоводческого коллектива по пр. К.Нокина. По данному факту установлен и  доставлен в городской отдел полиции 26-летний житель садоводческого колектива. Подозреваемый свою вину признал и пояснил, что  в салон авто он попал путем разбития окна. По словам задержанного, при поездке в жилой массив его машина сломался и чтоб отбуксировать свое авто  до дома, он угнал чужой автомобиль.
По данному факту проводится расследование в рамках уголовного дела, возбужденного по части 1 статьи 200  Уголовного кодекса Республики Казахстан (Неправомерное завладение автомобилем или иным транспортным средством без цели хищения). Угнанный автомобиль изъят.

Просмотров: 160
Категория: 
�����