Сиыр малының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік өртеніп кетті
8 қарашада таңғы мезгілде Покровка-Кеңқияқ-Ембі автожолында «ТOYOTA-Ipsum» автокөлігі мен сиыр малының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жолға шыққан сиырмен соқтығысу салдарынан «ТOYOTA-Ipsum» автокөлігі толықтай өртеніп кетті.
Оқиға Кеңқияқ ауылынан 30 шақырым қашықтықта орын алды. Автокөліктің рулінде Кеңқияқ ауылының 57 жастағы тұрғыны болған. Такси қызметін ресми түрде жүзеге асырған жүргізуші 7 жолаушысымен бірге Ақтөбе қаласына бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда мал иесін анықтау шаралары қабылдануда.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері барлық мал иелеріне малдарын қараусыз жібермеу керектігін тағы да ескерте отырып, жүргізушілерді жолда қырағы және мұқият болуға шақырады.
В результате столкновения с коровой сгорел автомобиль
8 ноября, утром на автодороге Покровка-Кенкияк-Эмба произошло дорожно-транспортное происшествие с участием автомобиля «ТOYOTA-Ipsum» и крупного рогатого скота. В результате столкновения с находящейся на проезжей части дороги коровой, автомашина «ТOYOTA-Ipsum» полностью сгорела.
Дорожно-транспортное происшествие произошло в 30 километрах от поселка Кенкияк. За рулем автомобиля находился 57-летний сельчанин, который официально занимался частным извозом на своем авто. Водитель вместе с 7-ю пассажирами ехал в направлении Актобе. В результате дорожной аварии к счастью никто не пострадал. В настоящее время принимаются меры по установлению владельца скота.
Сотрудники Департамента полиции Актюбинской области предупреждают всех владельцев домашних животных, не оставлять их без присмотра, недопускать безхозный выпас скота, а также призывает всех водителей быть бдительными и внимательными на дороге.