Актюбинский полицейский – чемпион Казахстана!

Ақтөбелік полицей -  Қазақстан чемпионы!

12-15 қараша аралығында  Астана қаласында дзюдо күресінен өткен Қазақстан чемпионатында Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкері Есет Қуанов үздік шығып, алтыннан алқа тақты.

500-ге жуық спортшының басын қосқан дүбірлі додада 66 келі салмақ дәрежесінде күрескен ақтөбелік дзюдошы-полицей барлық белдесуде қарсыластарынан басым түсіп, жауырыны жерге тиген жоқ.

«Чемпионатта Қазақстанның әр аймағынан келген спортшылармен   бір күнде 5  белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жеттім.  Жарыс алдында дайындық жұмыстарына ерекше  ден қоямын. Шүмектеп төгілген тер мен  мінез -  байрақты бәсекелерде ел намысын қолдан бермеудің кепілі» - дейді 31 жасар чемпион жігіт.

Есет Қуанов – Қазақстан ұлттық құрамасы көшбасшыларының бірі. Самбо және дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан әлем чемпионы, 3 дүркін Қазақстан чемпионы, әлем кубогының 5 дүркін чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері. Сондай-ақ, дзюдодан Азия кубогы мен Еуропа кубогының жеңімпазы,  Қазақстан чемпионы.

Спорттық додаларда егемен ел мерейін асқақтатып жүрген атақты ақтөбелік сақшы қазіргі уақытта 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына қызу дайындық  үстінде.

Актюбинский полицейский – чемпион Казахстана!

С 12 по 15 ноября в Астане прошел чемпионат Казахстана по дзюдо, с участием более 500 спортсменов со всех регионов страны.

В турнире спортивную честь региона в весовой категории 66 кг защищал полицейский из Актобе - Есет Куанов, который во всех поединках на татами, одержал полную победу над своими соперниками.

 "В чемпионате страны за один день я провел 5 поединков, где боролся со спортсменами разных областей. Во всех поединках одержал победу.  Стоять на высшей ступени пъедестала мечта каждого спортсмена. Усердный труд, жёсткая дисциплина и спортивный характер, включающий в себе силу воли, упортсво и целеустремленность является залогом успеха спортивных достижений» - утверждает 31-летний спортсмен.   

Напомним, актюбинец Есет Куанов является одним из лидеров национальной сборной. Спортом занимается с детства, у него в копилке немало высоких побед. Есет -  мастер спорта международного класса по самбо и дзюдо, чемпион мира, трехкратный чемпион Казахстана, пятикратный чемпион Кубка мира, призер чемпионата Азии и Азиатских игр по самбо. Также он является победителем Кубка Азии и Кубка Европы по дзюдо.

 В настоящее время именитый спортсмен и полицейский в одном лице Есет Куанов в составе национальной сборной упорно готовится к летних Олимпийским играм 2024 году в Париже.

 

Просмотров: 258
Категория: 
�����