До 5 лет тюрьмы грозит пьяному водителю без прав в Актюбинской области

Ақтөбе облысында мас жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 21 қарашада Ақтөбе-Орынбор автожолында патрульдеу жүргізу кезінде патрульдік полиция тобының қызметкерлері облыс орталығының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы Ваз-2112 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде ер адамның 2022 жылдың тамыз айында сот шешімімен  өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежедегі алкогольдік  мас күйде болған.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамның көлік құралын басқару" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 Аталған баптың  санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

До 5 лет тюрьмы грозит пьяному водителю без прав в Актюбинской области

В рамках ОПМ «Правопорядок», 21 ноября при проведении патрулирования на автодороге Актобе-Оренбург сотрудниками группы патрульной полиции был остановлен автомобиль Ваз-2112 под управлением 33-летнего жителя областного центра.

Установлено, что мужчина, управлял транспортным средством, будучи лишенным судом такого права пожизненно в августе 2022 года. Кроме того, согласно освидетельствованию, водитель был в состоянии алкогольного опьянения средней степени.

Автомобиль водворен на специализированную стоянку, а задержанный в изолятор временного содержания. По данному факту начато досудебное расследование по ст. 346 ч. 1 УК РК “Управление транспортным средством лицом, лишенным права управления транспортными средствами и находящимся в состоянии алкогольного опьянения“, санкция которой предусматривает наказание до пяти лет лишения свободы. Досудебное расследование продолжается.
 

 

Просмотров: 194
Категория: 
�����