«Не молчите, а позвоните!»: актюбинские полицейские призывают не относиться к домашнему насилию как к «семейному делу»

«Үнсіз қалма, құрбан болма!»: ақтөбелік полицейлер  тұрмыстық зорлық-зомбылыққа «отбасылық мәселе» ретінде қарамауға шақырады

25 қараша - 10 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы өтуде. Шара барысында ақтөбелік полицейлер мүдделі мекемелер мен жұртшылықты тарта отырып, отбасындағы зорлық-зомбылықтардың алдын алу мен жолын кесу, өмірлік қиын жағдайда қалғандарға қол ұшын беру, ана мен баланы қорғау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.

«Өкінішке қарай, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары оған «отбасылық мәселе» ретінде қарайды, «ұят болады» деп ешкімге айтпауға тырысады. Агрессордың қорлау, күш қолдану сияқты әрекеттеріне үнсіз көнеді. Бұдан тек өзі ғана емес, ортақ балалары да зардап шегеді. Жақындары да олардың бұл «отбасылық мәселелеріне» біле тұра араласпауға тырысады, ал бұл қайғылы салдарға әкеліп жатады» - дейді Ақтөбе облысы ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ақгүл Қасанғалиева.

Тіпті, ажырасып кеткеннен кейін де, бұрынғы жұбайына қатысты агрессорлық әрекеттерін тоқтатпайтындар кездеседі. Жуырда «111» жедел телефонына Ақтөбе қаласындағы ауылдардың бірінің 38 жастағы тұрғыны бұрынғы жұбайының өзіне қатысты заңсыз әрекеттері туралы хабарлады. Ажырасқанына бірнеше жыл өткеніне қарамастан, бұрынғы жұбайы жүйелі түрде, әсіресе, түнгі мезгілдерде алкогольдік мас күйде оның үйіне келіп, тиісу,  мазалаумен айналысқан. Бұрынғы жұбайлардың ортақ кәмелетке толмаған 4 баласы бар. Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлерімен бірнеше әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды, қорғау нұсқамасы шығарылып, бақылауға алынды.

«Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз немесе ана мен балаға қауіп төнгенін байқасаңыз, бейжай қалмаңыз, дереу  «102»,  «111» немесе «150» нөмірін теріңіз. Біз қиын жағдайдағы жандарға қол үшін беруге, жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз» - деді Ақгүл Қасанғалиева.

«Не молчите, а позвоните!»: актюбинские полицейские призывают не относиться к домашнему насилию как к «семейному делу»

С 25 ноября по 10 декабря на территории области проходит республиканская акция «16 дней активности против насилия», где актюбинские полицейские проводят масштабную работу по профилактике и пресечению бытового насилия, оказанию помощи оставшимся в трудной жизненной ситуации, защите матери и детей,  с привлечением заинтересованных органов и общественности.

"К сожалению, жертвы домашнего насилия относятся к нему как к «семейным делам», стараются никому об этом не расказывать. Думая «ұят болады», молчаливо принимают все противоправные действия агрессора. От такого смирения страдает не только женщина, но и их общие дети. Близкие тоже стараются не вмешиваться в их «семейные дела», что к сожалению приводит к трагическим последствиям», - говорит старший инспектор группы по защите женщин от насилия ДП Актюбинской области Акгуль Касангалиева.

Бывает, некоторые семейные дебоширы даже после развода не перестают проявлять агрессию по отношению к бывшей супруги. К примеру, недавно на телефон горячей линии «111» обратилась  38-летняя жительница города Актобе, о противоправных действиях бывшего супруга в отношении  неё. Несмотря на то, что супруги развелись несколько лет назад, бывший муж  систематически её тревожил. Он часто, особенно в ночное время, в состоянии алкогольного опьянения приходил к ней домой, обскорблял и унижал. При этом, у бывших супругов имеются 4 несовершеннолетних ребенка. По данному факту полицейскими составлены несколько административных протоколов, нарушитель помещен  в адмприемник.  Далее в отношении него будет вынесено защитное предписание, с постоянным наблюдением стражей порядка за правонарушителем и будут приняты все необходимые меры по защите матери и детей от агрессора.

«Если вы стали жертвой или свидетелем домашнего насилия или же заметили угрозу для матери и ребенка, не оставайтесь на стороне, немедленно наберите номер «102», «111» или «150». Мы всегда готовы помочь людям, находящимся в трудной ситуации, оказать всестороннюю поддержку и помощь», - резюмировал  Акгуль Касангалиева.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 256
Категория: 
�����