Актюбинец похитил с контейнера 6 детских квардроциклов

Ақтөбе тұрғыны  контейнерден 6 балалар квадроциклін ұрлап әкеткен

25-інен 26-ншы қарашаға қараған түні Ақтөбе қаласы Кирпичный ауылындағы бау-бақша ұжымдарының бірінде салынып жатқан нысанның аумағынан контейнерден 6 балалар квардроциклі ұрланды. Кәсіпкер келтірілген залалды 4,5 млн теңгеге бағалады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында пәтерлерді аралап, көршілерімен сөйлесті. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің 26 жастағы көршісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Ұсталған адамның айтуынша, ол контейнердің жанынан өтіп бара жатып, контейнердің құлыпталмағанын анықтап, оның ішін қарап көрмек болған.  Контейнердің ішінен квадроциклдерді көргеннен кейін, оларды ұрлауға шешім қабылдаған. Түнде ол досын жүк көлігімен шақырып, квадроциклдерді тиеп алып кетіп, қаланың сыртында тұратын туысының ауласына апарып қойған.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұрланған квадроциклдер тәркіленді.

Актюбинец похитил с контейнера 6 детских квардроциклов

В ночь с 25 на 26 ноября с территории строящегося объекта в одном из садоводческих коллективов в п.Кирпичный с контейнера были похищены 6 детских квардроциклов. Предприниматель оценил причиненный ущерб в 4,5 млн тенге.

Сотрудниками полиции в ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий проведен поквартирный обход, опрошены соседи. В результате проведенных мероприятий установлен и доставлен в отдел полиции 26-летний сосед потерпевших.

По словам задержанного, он, проходя мимо участка обнаружил, что контейнер не закрыт на замок и решил проверить что находится в контейнере. Увидев там квардроциклы он решил их украсть. Ночью вызвал знакомого на грузовой автомашине, вывез похищенное и выгрузил во дворе родственника в другом конце города.

По факту кражи проводится досудебное расследование по ст.188 ч.3 УК РК. Похищенные квардроциклы изъяты.

 

 

 

Просмотров: 271
Категория: 
�����