Актюбинские полицейские напоминают об ответственности за жестокое обращение с животными

Жануарларға жауапсыз қарауға жол жоқ: Ақтөбелік полицейлер   жануарларға қатігез қараудың жауапкершілігі туралы еске салады

Елімізде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жануарларға қатігездік танытқан тұлғалар  әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылады. Жаза жануарлардың денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын ескере отырып анықталады.

Мысалы, жануарларға қатыгездікке жол берген құқық бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-1-бабы (Жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұнда 5 айлық есептік көрсеткіштен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу жазасы көзделген.

Жануардың  мертігуіне немесе өліміне әкеп соққан қатыгездікпен қарау деректері Қылмыстық кодекстің 316-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады. Бұл баптың жазасы 120 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салудан бастап, бір жылға дейінгі мерзімге қамауға алу жазаларын қамтиды. Сондай-ақ, бұл бапта осындай қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін  түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру жазалары да көзделген.

Ақтөбелік полицейлердің айтуынша, «жануарларға қатігездікпен қарау» ұғымы оларды ұрып-соғу ретінде ғана түсінілмеуі тиіс.         «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға сәйкес жануарлардың денсаулығына зиян келтіруге не өліміне әкеп соғатын ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынады. Бұл ретте, полиция қызметкерлері қазіргі уақытта өзекті болып отырған  иттер төбелесін ұйымдастырушылар да жануарларға қатігездік көрсету дерегі бойынша  Қылмыстық кодекстің 316-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.  Егер жануарларға қатігездік көрсету деректері екі және одан да көп жануарға қатысты жасалса, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалса, жас балалардың көзінше немесе жария түрде жасалса, қылмыстық жаза да күшейе түседі.

«Полиция қызметкерлері жануарларға қатыгез қарауға жол бермеу, оның ішінде иттер төбелесін заңсыз ұйымдастыру деректерін анықтау үшін әлеуметтік желілерге ұдайы түрде мониторинг жүргізеді. Егер Сіз жануарларға қатігездікпен қарау, оның ішінде иттер төбелесін ұйымдастыру туралы мәліметке ие болсаңыз «102» нөмірі бойынша полицияға хабарласа аласыз» - дейді Ақтөбе облысы ПД табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Серік Елеуов.

Актюбинские полицейские напоминают об ответственности за жестокое обращение с животными

В соответствии с действующим в нашей стране законодательством, за жестокое обращение с животными, предусмотрено административное и уголовное наказание. Оно определяется с учетом степени тяжести, причиненного жизни и здоровью животных.

 Лица, допустившие жестокое обращение с животными, несут административную ответственность по статье 407-1 Кодекса об административных правонарушениях (жестокое обращение с животными). Здесь предусмотрено наказание в виде штрафа от 5 до 40 МРП.

При этом, жестокое обращение, повлекшее увечье или смерть животного, влекут уголовную ответственность в соответствии со статьей 316 Уголовного кодекса. Указанная статья предусматривает  наказание от штрафа в размере 120 МРП  до лишения свободы на срок до одного года. Также в данной статье предусмотрены наказания, как исправительные работы, привлечение к общественным работам, также   лишение права занимать определенную должность.

Актюбинские полицейские разъясняют: в соответствии с Законом «Об ответственном обращении с животными " запрещается организация и проведение зрелищных мероприятий, приводящих к увечью, причинению вреда здоровью либо смерти животных.  При этом стражи порядка напоминают: организаторы и участники  собачьих боев, также привлекаются к уголовной ответственности по факту жестокого обращения с животными в соответствии со статьей 316 Уголовного кодекса. Согласно уголовного законодательства, если жестокое обращения с животными совершены в отношении двух и более животных, группой лиц по предварительному сговору, совершены в присутствии малолетних детей или публично с использованием СМИ, уголовное наказание  будет более строгим.

«Сотрудниками полиции на постоянной основе проводятся мониторинг социальных сетей на предмет  выявления фактов недопущения жестокого обращения с животными, в том числе по установлению незаконной организации собачьих боев.Если вы стали свидетелем  жестокого обращения с животными или владеете информацией об организации и преведении собачьих боев, просим обратиться в полицию по номеру «102» - говорит старший инспектор группы природоохранной полиции ДП Актюбинской области Серик Елеуов.  

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 154
Категория: 
�����