Ақтөбеде мобильді интернет сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде
Ақтөбеде мобильді интернет сапасын жақсартуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев баяндады.
«Өткен жылы 4G стандартындағы елуден аса базалық станцияның сигналы күшейтіліп, жаңғыртылды. Жаңа бес базалық станция орнатылды. Батыс-2 шағын ауданында 5G стандартындағы төрт базалық сатанса пилоттық режимде іске қосылды. Биыл 5G стандартындағы 24 және 4G стандартындағы 110 базалық стансаны орнату жоспарда бар»,- деді Әсет Отарбаев.
Спикер, аталмыш шаралар облыс орталығындағы, соның ішінде Жаңақоныс-3 және 4, Бекқұл баба, Шиелісай, Белогорка, Ақшат, Сарбаз, Украинка тұрғын үй алаптарындағы мобильді интернет пен байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
В Актобе ведутся работы по улучшению качества мобильного интернета
О реализуемых мерах по улучшению качества мобильного интернета в Актобе рассказал руководитель управления цифровых технологий Асет Отарбаев.
«В минувшем году модернизированы более 50 базовых станции стандарта 4G с усилением сигнала. Установлено 5 новых базовых станций. В пилотном режиме запустили 4 базовые станции стандарта 5G в микрорайоне Батыс-2. В планах на текущий год установка 24 базовых станций стандарта 5G и около 110 базовых станций стандарта 4G», - сказал Асет Отарбаев.
Спикер отметил, что данные меры позволят улучшить качество мобильного интернета и связи в областном центре, в том числе в жилых массивах Жанаконыс-3 и 4, Беккул баба, Шиелисай, Белогорка, Акшат, Сарбаз и Украинка.