Карту ночевок бомжей составили полицейские Актобе

Ақтөбе полицейлері үйсіз адамдардың түнейтін жерлерінің картасын жасады

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көші-қон қадағалауын күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысында 29-31 қаңтар аралығында "Қысқы карта" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

ЖПІШ шеңберінде полицейлер жертөлелерді, шатырларды, кәріз люктерін, қараусыз қалған ғимараттар мен жылу трассаларын тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау және оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін тексереді.

Нәтижесінде, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар көбінесе көп қабатты үйлердің жертөлелерінде, Тургенев көшесіндегі орталық жылыту трассаларында және теміржол вокзалының жанында – 8 Наурыз көшесінде түнейді деген қорытындыға келді.

Тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдардың тұру орындарын пысықтау кезінде қабылдап-тарату орнына 100-ден астам адам жеткізілді, тексеруден кейін 7 адам орналастырылды. Әрі қарай, олар тұрғылықты жері жоқ адамдарды бейімдеу үшін әлеуметтік орталыққа баруға мүмкіндік алады, онда оларға бірнеше ай тұруға рұқсат етіледі. Мұнда кәсіби заңгер мен әлеуметтік қызметкер құжаттарды қалпына келтіруге және одан әрі жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Карту ночевок бомжей составили полицейские Актобе

В целях обеспечения общественной безопасности и охраны общественного порядка, усиление миграционного надзора и профилактики правонарушений в Актюбинской области с 29 по 31 января проводится оперативно-профилактическое мероприятие “Зимняя карта”.

В рамках ОПМ полицейские проверяют подвалы, чердаки, канализационные люки, заброшенные здания и теплотрассы на предмет выявления лиц без определенного места жительства и оказания им социальной помощи.

В результате был сделан вывод, что товарищи без определенного места жительства чаще всего ночуют в подвалах многоэтажных домов, на трассах центрального отопления по улице Тургенева и у железнодорожного вокзала – по улице 8 марта.

Во время отработки мест ночлега тех, кто не имеет постоянного места жительства, в приемник-распределитель доставлено более 100 лиц, после проверки 7 лиц помещены. Дальше у них есть возможность отправиться в социальный центр для адаптации лиц без определенного места жительства, где им позволят пожить несколько месяцев, где профессиональные юрист и социальный работник могут помочь восстановить документы и далее устроиться на несложную работу.

Просмотров: 328
Категория: 
�����