Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері есірткіге масаң күйдегі жүргізушіні анықтады
Полицейлер Мәртөк ауылында патрульдеу барысында жол қозғалысы ережесін бұзған "Нива-Шевролет" автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Көліктің рулінде болған жергілікті тұрғынның жай-күйі полицейлерде күдік тудырып, жүргізілген сараптама жүргізушінің есірткіге масаң күйде болғанын растады.
Көлік құралын есірткілік мас күйінде басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бері облыста полицейлер мас күйінде көлік құралдарын басқарған 167 жүргізушіні анықтады, олардың 28-і бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер.
Сотрудниками роты патрульной полиции выявлен водитель в наркотическом опьянении
Полицейскими в ходе патрулирования в п.Мартук за нарушение ПДД была остановлена автомашина «Нива-Шевролет» под управлением местного жителя. Состояние водителя вызвало подозрение, проведенная экспертиза подтвердила, что водитель находится в наркотическом опьянении вызванное употреблением каннабиноидов.
По факту управления транспортным средством в состоянии наркотического опьянения проводится досудебное расследование. Водитель водворен в ИВС.
С начала года полицейскими выявлено 167 водителей, управлявших транспортными средствами в состоянии опьянения, 28 из которых ранее лишённые права управления транспортными средствами.