Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 5-29 ақпан аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. ЖПІШ шеңберінде полицейлер жүргізуші куәлігінсіз көлік құралдарын басқарған кәмелетке толмағандармен, олардың ата-аналарымен және педагогтарымен кездесу өткізді.
Облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Айдос Құлжановтың айтуынша, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 11 фактісі тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 11 адам дене жарақатын алды. Сондай-ақ, 2023 жылы кәмелетке толмағандардың көлік басқаруының 168 фактісі, ал ағымдағы жылы 23 фактісі анықталды.
Мысалы, жыл басында қала мектептерінің бірінің жоғары сынып оқушысы ата-анасының көлігін басқарып, қоршауға соқтығысқан.
Кездесуде ата-аналарға кәмелетке толмағандардың көлік жүргізу әрекеттерін бақылау және тоқтату керек екендігі жеткізілді. Сондай-ақ балалардың автокөліктер мен мотоциклдердің кілттеріне қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау, жүргізуші куәліктері мен жүргізу дағдыларын иеленгенге дейін мопедтер мен скутерлерді басқаруға тыйым салу қажеттігі айтылды.
Полицейлер жоғары қауіп көзіне кедергісіз мінуге болады деп ойлайтын жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын полициядағы әңгімелесулер мен жауапкершілік күтіп тұрғанын еске салды.
Балалардың жолда қауіпсіз мінез-құлқын тәрбиелеу ересектерге, бірақ ең алдымен ата-аналарға тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.
В целях профилактики дорожно-транспортных происшествий с 5 по 29 феврвля на территории Актюбинской области проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасная дорога». В рамках ОПМ полицейские провели встречу с несовершеннолетними управлявших транспортными средствами без водительского удостоверения, их родителями и педагогами.
По словам начальника УМПС ДП области Айдоса Кулжанова, с начала года зарегистрировано 11 фактов дорожно-транспортных происшествий с участием несовершеннолетних, где 2 погибли и 11 получили телесные повреждения. Так же в 2023 году выявлено 168 фактов управления несовершеннолетними транспортных средств, а в текущем году 23 факта.
К примеру, в начале года учащийся старших классов одной из школ города за рулем автомашины родителей совершил наезд на ограждение.
На встрече родителям довели, что они должны контролировать и пресекать попытки несовершеннолетних сесть за руль транспортных средств. Так же исключить возможность доступа детей к ключам от автомобилей и мотоциклов, запретить управление мопедами и скутерами до момента получения водительских удостоверений и навыков вождения. Важно объяснить ребенку, к чему могут привести поездки на автомобилях и мототранспорте.
Полицейские напомнили, что подростков и их родителей, которые думают, что можно беспрепятственно кататься на источнике повышенной опасности, ждет встреча и серьезный разговор с сотрудниками полиции.
Стоит не забывать, что воспитание у детей безопасного поведения на дороге зависит от взрослых, но прежде всего от родителей.