Полицейскими пресечена реализация около 2 тысяч одноразовых доз синтетических наркотиков

Полицейлер синтетикалық есірткінің 2 мыңға жуық бір реттік дозасын сатудың жолын кесті
Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 35 жастағы ақтөбелікті ұстады.
Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында ұсталған адамнан ішіне ұнтақ зат салынған 126 түйіншек тәркіленді.
Әрі қарай қызметтік иттің көмегімен жалдамалы пәтерді тінту барысында полицейлер ұнтақ зат салынған 10 zip-пакет тәркіледі.
Сараптама қорытындыларына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 275 грамнан асатын “мефедрон” психотроптық заты болып табылады, бұл - 7 млн теңге сомасын құрайтын 2 мыңға жуық бір реттік доза.
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейскими пресечена реализация около 2 тысяч одноразовых доз синтетических наркотиков
Сотрудниками УПН ДП Актюбинской области в ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий задержан 35-летний актюбинец.
В ходе проведения следственных действий у задержанного изъято 126 свертков с порошкообразным веществом.
Далее в ходе обыска съемной квартиры с применением служебной собаки полицейские обнаружили и изъяли 10 zip-пакетов с порошкообразным веществом
Согласно заключениям экспертиз, изъятые вещества являются психотропным веществом «мефедрон», общим весом более 275 грамм – это около 2 тысяч разовых доз на сумму 7 млн тенге.
По факту незаконного хранения наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов в особо крупном размере начато досудебное расследование. Санкция данной статьи предусматривает наказание в виде лишения свободы на срок от трех до семи лет.
Подозреваемый водворен в ИВС.

Источник.https://www.instagram.com/p/C5A77EYsRAa/

Источник.https://www.instagram.com/p/C5A77EYsRAa/

Просмотров: 182
Категория: 
�����