8 апреля 2024 года вице-премьер Серик Жумангарин встретился с жителями наиболее пострадавшего от паводков Уилского района Актюбинской области.

2024 жылғы 8 сәуірде вице-премьер Серік Жұманғарин су тасқынынан ең көп зардап шеккен Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғындарымен кездесті.  ➤ Ойыл ауданында барлығы 340 үйді су басқан, қазіргі уақытта 49 үй әлі де су астында қалып отыр. ➤ Ең көп зардап шеккен ауыл тұрғындары Ойыл ауылындағы үш эвакуациялық пунктіге орналастырылған. Вице-премьер эвакуациялық пунктілердің жай-күйін қарап, ондағы адамдардың талап-тілектерін тыңдады. Оларды, ең алдымен, залал келтірілген баспананың қаражатын өтеу тетігі, оны әділ бағалау, өз бетінше үй салу немесе ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі сияқты мәселелер қызықтырды. Серік Жұманғарин барлық ұсынысты Үкімет деңгейінде қарастыруға уәде берді. Су тасқыны кезінде толығымен су басқан Екпетал елді мекеніндегі 48 және Жаңабастағы 19 үйдің тұрғындары жаңа үй салынып берсе, Ойыл ауданының орталығына біржола көшуге әзір екендерін жеткізді. Серік Жұманғарин аудан әкімі Асқар Қазыбаевқа осы және басқа да зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарымен көшудің барлық тетігі және мүмкіндіктерін талқылауды тапсырды. Сонымен қатар вице-премьер Ойыл өзені арқылы өтетін, бүгінде жарамсыз болып қалған көпірді қарап, сол жерде ҚазжолҒЗИ мамандарымен қалпына келтіру жұмыстарын тез арада бастау мүмкіндіктерін талқылады.

8 апреля 2024 года вице-премьер Серик Жумангарин встретился с жителями наиболее пострадавшего от паводков Уилского района Актюбинской области. ➤ Там затопило 340 домов, в настоящее время под водой остаются еще 49.  ➤ Жители наиболее пострадавших поселков находятся в трех эвакуационных пунктах в селе Уил. Вице-премьер осмотрел состояние эвакуационных пунктов и выслушал вопросы пребывающих людей. Больше всего их интересовали вопросы  механизма возмещения средств за пострадавшее жилье, его справедливой оценки,  возможности построить свое жилье самостоятельно либо получить денежную компенсацию. Серик Жумангарин обещал на уровне Правительства рассмотреть все предложенные варианты.  Жители населенных пунктов Екпетал на 48 домов и Жанабас на 19 домов, которые полностью затопило во время паводков,   выразили готовность переехать  в районный центр Уил навсегда, если им там построят дома.  Серик Жумангарин поручил акиму района Аскару Казыбаеву обговорить с жителями этих и других пострадавших населенных пунктов все детали и возможности переезда.  Также вице-премьер осмотрел поврежденный мост через реку Уил и на месте обсудил со специалистами  КазДорНИИ возможности скорейшего начала восстановительных работ.  

Источник.https://t.me/KZgovernment

Просмотров: 177
Категория: 
�����