Видеообращение акима Актюбинской области Асхата Шахарова о паводковой ситуации в регионе

Видеообращение акима Актюбинской области Асхата Шахарова о паводковой ситуации в регионе

Уважаемые земляки! В это нелегкое время прошу вас проявить терпение. Всем пострадавшим будет оказана поддержка в восстановлении жилья, выплачена компенсация за понесенный ущерб. Как отметил наш Президент, никто из пострадавших не останется без помощи. Для этого мобилизованы все силы. Особо хочу отметить, как сплотились жители региона в нашей общей беде. Спасатели министерство ЧС, полицейские, военные, гидротехники, врачи, волонтеры и тысячи неравнодушных граждан - каждый проявил мужество в спасении людей, домашнего скота, имущества граждан. Благодарю всех за слаженную и эффективную работу. Дорогие актюбинцы! Ситуация с паводками в регионе стабилизировалась. Мы начали наводить порядок. Уже восстанавливаем дороги, мосты, в ближайшее время начнем отстраивать жилые дома. Объявили субботники, чтобы как можно скорей очистить наш город и населенные пункты от мусора. Все вместе, в течение двух месяцев, будем возвращать прежний вид нашему любимому краю. Приглашаю всех жителей принять в субботниках самое активное участие.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы бейнеүндеуі

Құрметті жерлестер! Ақтөбе өңірінде су тасқыны ахуалы тұрақталды, қауіп сейілді деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі сәтте рекордтық көрсеткіште су қабылдаған су қоймаларындағы ағыс бәсеңдеді. Біз бұрынғы қалыпты өмірімізге оралып жатырмыз. Тек қана Ырғыз ауданы тәуекел аймағында. жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар департаменті Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Нұра және Мамыр ауылдарында бөгеттерді нығайту үшін қосымша техникалар жұмылдырды. Бұл аталған елді мекендерді су басудан қорғау мақсатында жасалды. Біздің алдымызда тұрған басты міндет - су тасқынының салдарын жою. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына тиісті көмек берілуде. Біржолғы әлеуметтік төлемді беру 6 сәуірден басталды. Баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа тұрғын үй салынады. Жапа шеккен мал, бүлінген мүлік, шығындарды есептеп, өтемақы төлейтін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қабылданған 3000-ға жуық өтініштің көп бөлігі қаралып, бағалау жүргізілуде. Кешегіде өткен облыстық мәслихаттың сессиясында су тасқынының салдарын жою үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бекітілді. Бұл қаражат өңір тұрғындарына біржолғы төлем және өтемақы беру үшін жұмсалады. Қадірменді ағайын! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біз осындай сын сағатта бірлігімізді көрсете білдік. Менің оған тағы да көзім жетті. Лайым осы қасиетімізден айырылмайық. Апаттың арты - ел тұрмысының жаңаруына бастамашы болады деп сенеміз. Тек еліміз аман болсын!

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 159
Категория: 
�����