Мас күйдегі ақтөбелік жатақхананы «жармақ» болған
11 сәуірде түнгі мезгілде полицияның «102» телефонына ер адам қоңырау шалып, Ақтөбе қаласындағы көпқабатты шағын отбасылық жатақханаға жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері, оның ішінде арнайы бөлініс саперлері ғимаратты тексеру барысында қандай да бір жарылғыш қаупі бар заттарды анықтаған жоқ.
Полицейлер жалған хабарлама берген 34 жастағы азаматты жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталған азаматтың алкогольдік мас күйде болғаны және осы жатақхананың тұрғыны екені анықталды. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін, мұндай жалған хабарлама иелері 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан бастап 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланатынын тағы да еске салады.
Жыл басынан бері облыста терроризм актісі туралы жалған хабарлаудың 7 дерегі тіркелді, оның ішінде жалған хабарлама жасағандардың екеуі кәмелетке толмағандар.
Пьяный актюбинец «заминировал» общежитие
11 апреля в ночное время на пульт полиции «102» позвонил мужчина, который сообщил, что в одном из малосемейных общежитий распоженного в городе Актобе заложено взвызчатое устройство. Прибывшие на место происшествия сотрудники полиции, в том числе саперы спецподразделения, в ходе осмотра здания каких-либо взрывоопасных предметов не обнаружили. 34-летний лжетеррорист, незамедлительно был установлен и доставлен в отдел полиции. Им оказался житель того же общежития, который находился в состоянии алкогольного опьянения.
▪️По факту заведомо ложного сообщения об акте терроризма возбуждено уголовное дело.
Департамент полиции Актюбинской области еще раз напоминает гражданам, что за заведомо ложное сообщение об акте терроризма предусмотрена уголовная ответственность от штрафа в размере до 5000 МРП до 5 лет лишения свободы.
С начала года в области зарегистрировано 7 фактов заведомо ложного сообщения об акте терроризма, в том числе 2 звонка были совершены несовершеннолетними.