Руководство ТОО «Степное» Каргалинского района одним из первых оказало помощь крестьянским хозяйствам Кобдинского и Уилского районов, пострадавшим от паводка.

Аманғос Төлеуов жерлестеріне қолдау білдірді  Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қобда және Ойыл ауданының шаруашылықтарына алғашқылардың бірі болып Қарғалы ауданындағы «Степное» ЖШС көмек қолын созды.  Серіктестік директоры, «Отан» орденінің иегері Аманғос Төлеуов қиын жағдайда қалған мал өсірушілер мен ауыл тұрғындарына 100 тонна тұқымдық бидай, 100 тонна тұқымдық арпа, сондай-ақ егіс салу үшін 50 тонна судан шөбінің тұқымын берді. Сондай-ақ 200 қой және 50 баспақ бөлді.   

«Біз бәріміз де экономиканың бір тармағында еңбек етудеміз, сондықтан да ауыл тұрғындарының қазіргі ауыр халін жақсы түсінемін. Халықта «Көктемнің бір күні — жылға азық» деген сөз бар, сондықтан табиғаттың тосын мінезіне торығып қалмай, алдағы тіршілікті жасаған жөн. Бұл ретте барлық агротехникалық шараларды мерзімінде атқарып, келер жылға мол өнім алуға ұмтылыс жасаған тиімді екенін айтқым келеді. Біз қолдан келген көмегімізді жасадық, ендігі өтініш — берілген мал мен тұқымның комиссия шешімімен әділ бөлінуі»,— дейді Аманғос Төлеуов.

Амангос Тулеуов выразил поддержку землякам  Руководство ТОО «Степное» Каргалинского района одним из первых оказало помощь крестьянским хозяйствам Кобдинского и Уилского районов, пострадавшим от паводка.  Директор товарищества, обладатель ордена «Отан» Амангос Тулеуов передал животноводам и сельчанам, оказавшимся в трудной ситуации, 100 тонн семенной пшеницы, 100 тонн семенного ячменя, а также 50 тонн семян кормовой травы. Он также раздал 200 овец и 50 коров.

«Мы все сельхозтоваропроизводители. И я хорошо понимаю нынешнее тяжелое положение сельчан. В народе есть поговорка: «Один день весны – год кормит», поэтому лучше не расстраиваться из-за того, что произошло, а начать готовиться к будущему посеву. Пора приступать к посевным работам, проводить агротехнические мероприятия и стремиться к богатому урожаю.  Мы оказали всю возможную помощь, и теперь дело за комиссией, которая должна распределить семена и скот между сельчанами»,- сказал Амангос Тулеуов.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 122
Категория: 
�����