Көктемгі егіске дайындық жұмыстары жүргізілуде Диқаншылар көктемгі егіс жұмыстарына дайындық шараларына кірісті. Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы — 756,5 мың гектар. 446,3 мың гектар жерге — дәнді, 62,2 гектарға — майлы, 11,2 мың гектарға картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының дәні себілсе, 236,8 мың гектар аумаққа мал азығы егіледі. Биылғы жылы көктемгі егіске ауыл шаруашылығы дақылдарының 49,9 мың тонна тұқымы қажет, бүгінгі таңда соның 45,8 мың тоннасы қамбаға салынды. Егіс жұмыстары шамамен мамыр айының ортасында басталады. Оған дейін шаруашылықтарды тұқыммен толық көлемінде қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Бұған қатысты барлық мәселенің жауабы шешілді. Майлы дақылдардың тұқымы жеткілікті.
«Дәнді дақыл егісін қай кезден де көбірек салатын — Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандары. Егістіктердің негізгі үлесі, яғни 76,2 пайызы осы аудандарда орналасқан. Облыс бойынша дәнді дақылдар түсімі гектарына 10,4 центнер болса, Қарғалы ауданындағы шаруалар 1 гектардан 14,7 центнер өнім алды. Қобда ауданы гектарынан - 11,8 центнер, ал Хромтау ауданы 11,7 центнер жинады»,- деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Райымбаев. Облыс бойынша көктемгі егіс жұмыстарына 7,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Дизель отынын шаруашылықтарға жіберуші операторлар «АЗС-Лидер» ЖШС және «Батыс Жер» ЖШС болып анықталды. Шаруашылықтарға дизель отынын жіберу бағасы 1 литріне 249 теңге, бұл нарықтағы бағадан 15%-ға дейін арзан. Жоспарға сәйкес, облыста көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге 1600 трактор, 100-ден астам егіс кешендері, 1300 тұқым себетін және 1600 жер өңдейтін техника жұмылдырылады. Сондай-ақ, облыста 784,4 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл мәселе бойынша облыста және аудандарда арнайы штабтар құрылды. Биыл жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстарының жоспары бекітіліп, қажетті құралдарды мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Начинается посевная страда Аграрии приступают к весенне-полевым работам. Площадь сельскохозяйственных культур в Актюбинской области составляет 756,5 тыс. га. Под зерновые отдано 446,3 тыс. га, масличные культуры займут 62,2 тыс. га, картофель и овощи - 11,2 тыс. га, кормовые культуры - 236,8 тыс. га. В этом году для посадки необходимо 49,9 тысяч тонн семян сельскохозяйственных культур, из них на сегодняшний день заложено 45,8 тысячи тонн. Посадка планируется в середине мая. До тех пор еще есть возможность обеспечить хозяйства семенами в полном объеме. В досточном количестве припасено масличных культур.
«Самыми зерносеющими районами в регионе считаются Айтекебийский, Каргалинский, Мартукский и Хромтауский. На их долю приходится 76,2 процента посевных площадей. Если по области урожайность зерновых составляет 10,4 центнера с одного гектара, то в Каргалинском районе аграрии с одного гектара собирают 14,7 центнера зерновых, в Хромтауском - 11,7 центнера, в Кобдинском - 11,8 центнера»,- рассказал руководитель отдела областного управления сельского хозяйства и земельных отношений Нурбек Раимбаев. На посевную по области выделено 7,2 тысячи тонн дизельного топлива, что полностью обеспечивает потребность аграриев. Операторами по поставке льготного ГСМ для фермеров определены ТОО «АЗС-Лидер» и «Батыс Жер». Отпускная цена дизтоплива утверждена в размере 249 тенге за литр, что на 15% ниже рыночной стоимости. В весенне-полевых работах будут задействованы 1600 тракторов, более 100 посевных комплексов, 1300 сеялок и 1600 почвообрабатывающих машин. Перед посевом планируется провести обработку почвы от вредителей на 784,4 тыс. га земли. С этой целью в районах действуют штабы. Уже утвержден план работ по химобработке и идет госзакуп необходимых препаратов.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi