Ақтөбеге Тәжікстан Республикасынан гуманитарлық көмек келді Ақтөбеге кезекті гуманитарлық көмек келді. Бұл жолы Тәжікстан Республикасы қолдау көрсетті. Көрші мемлекет әртүрлі құрылыс материалдары бар бірнеше вагон жіберген. Тәжікстан Үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен еліміздің тоғыз облысына 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізді. Жүктің жалпы салмағы 2518 тоннаны құрайды. Ақтөбе облысына 9 вагон бөлінді, оның ішінде 27 360 литр ауыз суы, 5400 дана асбест-цемент шифері, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш материал, 240 тонна цемент бар. Бұл көмек су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде бағытталып отыр. Айта кетейік, гуманитарлық көмекті қабылдау мен түсіруге әскери қызметшілер жұмылдырылды.
В Актобе прибыли вагоны с гуманитарной помощью из Республики Таджикистан В Актобе прибыл очередной груз гуманитарной помощи. На этот раз поддержку оказала Республика Таджикистан. Соседнее государство прислало несколько вагонов с различными строительными материалами. Правительство Таджикистана отправило 50 вагонов гуманитарной помощи населению, пострадавшему от стихийного бедствия, в девять областей нашей страны. Общий вес груза составил 2518 тонн. В Актюбинскую область было направлено 9 вагонов, которые содержали в себе 27 360 литров воды, 5400 штук асбестоцементного шифера, 60 тонн гвоздей, 70 тонн лесоматериалов, 240 тонн цемента. Эта помощь направлена для оказания поддержки пострадавшим семьям и облегчения трудной ситуации, вызванной стихийным бедствием. Отметим, что в приёме и разгрузке гуманитарной помощи были задействованы военнослужащие.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi