Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов Нұра ауылдық округіне қарасты Белшер ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы айтып берді. Елді мекенде 34 түтін бар, онда 224 адам тұрады. 4 үй су астында қалды. Су басу қаупі туындаған сәтте ауылдың әйелдері мен балалары, қарттары, барлығы 135 адам алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген. Сонымен қатар, 46 адам бөгетті нығайту жұмыстарына жұмылдырылып, 100-ден астам ерікті жан көмек берді. Хромтау, Әйтеке би және Шалқар аудандарынан қосымша ТЖД қызметкерлері шақырылды. 3 трактор, 1 жүк тиегіш (погрузчик) тартылды. Қауіпсіздік мақсатында электр энергиясы ажыратылды. Ауылға генератор көмегімен жарық беріліп, айналма жол арқылы елді мекенге қатынауға болады. Азық-түлік, жанар-жағармай, қажетті тұрмыстық заттар жеткізілді.
Аким Иргизского района Нурлан Кызбергенов рассказал о ситуации с паводком в селе Белшер Нуринского сельского округа. В Белшере 34 дома, проживает 224 человека. Затоплено 4 дома. При угрозе затопления населенного пункта женщин, детей и пожилых людей - всего 135 человек - сразу же эвакуировали. На укрепление дамбы мобилизовали 46 человек. Подкючились 100 волонтеров, сотрудники ДЧС Хромтауского, Айтекебинского и Шалкарского районов. На месте работали 3 трактора, 1 погрузчик. В целях безопасности село обесточили. Электричество подавалось с помощью генератора. До Белшера сегодня можно добраться только объездными путями. Население снабжают необходимыми продуктами питания, топливом, предметами домашнего обихода.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi