Темір ауданында 51 отбасы баспанамен қамтылады Көктемгі су тасқынында Темір ауданының Шұбарқұдық, Құмсай, Еңбекші және Шитүбек ауылдары зардап шегіп, 91 тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандарының ауласына су кірді. Бүгінгі күні материалдық шығынды анықтайтын комиссия шешімімен, төрт ауылдың 29 отбасына дайын баспана сатып алынса, жаңа 21 үй бой көтереді, 40 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өңір басшысы Асхат Шахаров Темір ауданы Саркөл ауылдық округінің Құмсай ауылына барды. Мұнда су басқан үйлерді, әлеуметтік нысандарды аралады. Асхат Шахаров тұрғындармен кездесуінде су тасқынының салдарын жоюға бағытталған мемлекеттік шараларды жан-жақты түсіндірді.
Суға кеткен үйлерді қарап шықтым. Бұрынғы орнына қайта салу мүмкін емес. Сондықтан анықталған жер учаскелеріне табиғи апаттан зардап шеккендерге тұрғын үйлер бой көтереді. Ауылда қалмаймын дейтін жандар болса, дайын пәтерлерді сатып алып береміз. Ал әрбір адамның еңбегімен тапқан дүние-мүлкіне Үкімет бөлек төлем әзірледі. Оны комиссия анықтайды, қазір мамандар облыс бойынша әлі де жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы айтқандай, ешкім де көмексіз қалмайды, барлық қолдау көрсетіледі. Бастысы ауызбіршілік керек, сонда ғана еңбек өнімді болады»,- деген өңір басшысы кездесудегі әр тұрғынның сауалына жауап берді. Құмсайлықтар бөгеттің жайын сұрады. Биыл ауылда 2,7 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгетін салу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінбек. ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Бөгет салуды жан-жақты қарайтын комиссия құрамына ауылдың 3 тұрғыны қосылады. Айтып өту керек, қорғаныс бөгеті Шитүбек елді мекенінде де салынады.
51 семью в Темирском районе обеспечат новым жильем В селах Шубаркудук, Кумсай, Енбекши и Шитубек Темирского района во время паводка был подтоплен 91 дом, а также хозяйственные объекты. Согласно решению комиссии по оценке и возмещению материального ущерба, 30 семьям из четырех пострадавших сел будет приобретено готовое жилье, еще 21 дом построят и 40 домов будут отремонтированы. Глава региона Асхат Шахаров побывал в селе Кумсай Саркольского сельского округа Темирского района. В населенном пункте проживают 318 человек, есть 75 домов. Аким области осмотрел дома, в которые вошла вода, социальные объекты. В ходе встречи с жителями села Асхат Шахаров рассказал о реализуемых государством мерах по ликвидации последствий наводнения.
«Вместо жилья, восстановление которого невозможно, на выделенных земельных участках будут построены новые дома. Для потерявших свой дом и желающих переехать из этого села будет куплено готовое жилье. В Правительстве утвердили отдельную выплату за испорченные предметы быта: мебель, бытовую технику. Все потерянное будет возмещено материально. Размер выплат определит комиссия, которая продолжает работать в регионе. Как сказал Глава государства, никто не останется без помощи, вся необходимая поддержка будет оказана. Главное - проявлять терпение и единство»,- подчеркнул аким области. Асхат Шахаров ответил на все вопросы жителей села. Кумсайцы спросили и о дамбе. На ее строительство из областного бюджета будут выделены средства. В планах построить дамбу протяженностью 2,7 километра. Проект разработан и проходит государственную экспертизу. В состав комиссии, которая комплексно рассмотрит ход строительства дамбы, войдут трое жителей села. Отметим, что защитная дамба будет построена и в селе Шитубек.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi